8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2018 2508 0
Қоғам

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

        Бүгін шаһар басшысы Мұрат Мұқаев ҚР Тұңғыш Президент күніне орай түрлі салаларда ел игілігі мен дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар жерлестерімізді облыс әкімінің, облыстық мемлекеттік мекемелері қызметкерлері және салалық кәсіподағы филиалының алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Олардың қатарында Орал қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Айсұлу Вайдиева, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мирас Мулкай, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев және тағы басқалар бар.

 

Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен салтанатты шараны ашқан қала әкімі Мұрат Рахметұлы жиналғандарды ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, ағымдағы жылы шаһарда Елбасы тапсырмасына сай ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етіп, ертең 1 желтоқсан күні – Елбасы күніне орай Зашаған кентінен жаңа үй пайдалануға берілетінін жеткізді. Жиында сөз алған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ольга Исаева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенттік ректоры Елдос Серікқалиев баршаны атаулы мерекемен құттықтады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
43 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
217 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
269 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»