28 Маусым 2021 2094 0
ҚоғамБҚО ӘКІМІ ӨҢІРДЕГІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін, 28 маусым күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиында бірқатар ақпарат құралдарының қызметкерлеріне ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің марапаттары табысталып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған облыстық байқау жеңімпаздары марапатталды.

– Тәулік бойы тыным таппай еңбек ететін ақпарат майданының сарбаздарының қоғамдағы алар орны ерекше. Қалам тербеген журналистер қауымы демократиялық құндылықтардың, қоғамда орын алған мәселелердің ашықтығын қамтамасыз етіп, өркениет көшінің ілгері дамуына, елдегі мәселелерін шешуге өз үлестерін қосып келеді. Өңір журналистикасының дамуына алдыңғы буын ардагерлердің қосқан үлесі зор. Батыс Қазақстан облысының ардагер журналистері салған сара жолды бүгінде кейінгі толқын абыроймен жалғастырып келеді. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген алаш ардақтысы Міржақып Дулатов. Осы сөзінен ғана журналистердің мамандығын біліп, тануға болады. Облысымыздағы жағымды іс жаңалықтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізудегі журналистердің еңбегі зор. Проблемалық мақалаларды ашық көрсетіп, жергілікті атқарушы органдар мен халық арасында алтын көпір болып келеді. Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңызда, дайындаған сюжеттеріңізде елдің мұңы мен мұқтажы, ой-пікірі, талап-тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отыр. Қашанда іргелі істің басында жүретін журналистер әлем дамуына кері әсер еткен дағдарыс тұсында алдыңғы шептен табылды. Бүкіл әлемнің тынысын тарылтқан пандемия кезінде де тұрғындарға дәйекті ақпарат жеткізіп, адамзаттың амандығына қауіп төндіріп тұрған кеселді жеңуге қосып жүрген үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Журналист болу үшін кәсіби біліктілікпен қоса, батылдық пен табандылық та керек. Жылдам әрі айшықты ақпараттарымен жаңалықтың жаршысы болып жүрген бұқаралық ақпарат қызметкерлерін төл мерекемен құттықтаймын. Қаламдарыңыз мұқалмай, еңбекте табысты, отбасында бақытты болыңыздар. Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Салтанатты шарада ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығына сәйкес бірқатар облыстық және республикалық ақпарат құралдарының өкілдері марапаттар берілді. Атап айтқанда, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Жайық Пресс» медиахолдингі басшысының орынбасары Ғайсағали Сейтақ, «Aqjaiyq» телеарнасы басшысының орынбасары Клара Қамбетова, «Хабар 24» телеарнасының БҚО бойынша меншікті тілшісі Ботагөз Базарбаева, «Aqjaiyq» телеарнасының аға операторы Рүстем Ищанов, «Приуралье» газеті бас редакторының орынбасары Лучия Курарару марапатталды. Ақпарат саласында ұзақ жылдар өлшеусіз еңбек еткен облыстық «Орал өңірі» газетінің арнаулы тілшісі Есенжол Қыстаубаев пен журналистика ардагері Людмила Коринаға «Еңбек ардагері» медалі, бірқатар сала қызметкеріне ҚР ақпарат және даму министрінің Құрмет грамотасы ұсынылды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік жаршысы» облыстық байқауында арнайы комиссияның шешімімен жеңімпаз атанғандар облыс әкімінің дипломдары және арнайы сыйлықтарымен марапатталды. «Өңірлердің дамуы – елдің дамуы» аталымы бойынша «Хабар 24» телеарнасының БҚО бойынша меншікті тілшісі Роза Сатқанова, «ТДК-42» телеарнасының журналисі Марина Горбук, «Хабар 24» телеарнасының БҚО бойынша меншікті тілшісі Талғат Жұбанышев, «Даму діңгегі» аталымы бойынша «Жайық үні-Жизнь города» газетінің тілшісі Эльмира Нұғманова, «Тәуелсіздік жетістіктері» номинациясында «Aqjaiyq» арнасының тележүргізушісі Оксана Игілікова марапатталды. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі», «Біргеміз, тұтас іргеміз», «Халық және билік», «Біздің батырларымыз», «Интернет иірімі» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталып, марапаттары табыс етілді.
Сонымен қатар БАҚ пен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолындағы қызметі үшін 5517 әскери бөлімінің баспасөз қызметкері Ерболат Сұлтановқа, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз хатшысы Әдемі Хасановаға, БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгіроваға алғыс хат берілді.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
01 Тамыз 2026
103 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
01 Тамыз 2026
99 0
Құрылтай-2026
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
01 Тамыз 2026
113 0
Өңір жаңалықтары
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
31 Шілде 2026
160 0
Құрылтай-2026
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
31 Шілде 2026
173 0
Жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
31 Шілде 2026
137 0
Без рубрики
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
30 Шілде 2026
168 0
Без рубрики
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
30 Шілде 2026
174 0
Құрылтай-2026
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
30 Шілде 2026
192 0
Құрылтай-2026
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
30 Шілде 2026
195 0
Құрылтай-2026
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
30 Шілде 2026
190 0
Құрылтай-2026
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
29 Шілде 2026
214 0
Өңір жаңалықтары
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
29 Шілде 2026
193 0
Заң және тәртіп
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
29 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
28 Шілде 2026
236 0
Экономика
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
28 Шілде 2026
224 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді
28 Шілде 2026
318 0

Кіру



Пікір үстеу