ОРАЛДА «ЕСКЕ АЛУ ШАМЫ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Осыдан тура 80 жыл бұрын, яғни 1941 жылдың 22 маусымы күні, шамаментаңғы сағат 4 кезінде фашистік Герман әскері КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді. Осылайша тарихта ІІ Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы – Ұлы Отан соғысы басталды. Қасіретке толы 4 жылға созылған майданда мыңдаған жерлесіміз Жеңіс жолында опат болды. Осыған орай, халықаралық «Еске алу шамы» акциясы жергілікті «Ақ Отау» қоғамдық бірлестігінің бастамасы, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының қолдауымен қаламызда ұйымдастырылды.
Арбат бойына қала тұрғындары ертемен жиналды. Оның ішінде жастардың қатары көп. Шара өтетін алаңға май шам жағылып, жиналғандар 1 минуттық үнсіздікпен майдан даласында көз жұмған жауынгерлерді еске алды. «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев Ұлы Отан соғысында Жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесін, 1942 жылдың жазында Сталинград шайқасының ең жақын тылына айналып, соғыс қимылдарына Батыс Қазақстандағы темір жол станциялар мен елді мекендер кеңінен тартылғанын атап өтті.
– Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Біздің өңіріміз бойынша 60 мыңнан астам сарбаз оралмады. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Бұл акция арқылы біз жастар мен жас ұрпақты еске алу іс-шараларына тартудың жаңа форматын қолданып, тарихымызды тереңнен тануға баулу, Отанымыздың тарихына деген патриоттық сезімдерін арттыру, Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын толығымен зерттеп, құрметтеуге шақырамыз – деді Мұрат Рахметұлы.
«Ақ Отау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтынай Есқалиева, М.Мәметова атындағы мемориалдық музей меңгерушісі Ахмедияр Батырханов шараның маңыздылығына тоқталды.
Акцияға жиналған жастар өз өлеңдерін және қаламгерлердің соғыс тақырыбындағы жырларын оқыды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру

Пікір үстеу