ҮШ ЖАСАР БАЛА 4-ҚАБАТТАН ҚҰЛАП КЕТТІ
Оқиға 28 мамыр күні 16.30 шамасында болған.
Бала Орал қаласы Зачаганск шағын ауданы Қамбар батыр көшесіндегі 5 қабатты үйдің 4-қабатынан құлаған. 2018 жылғы сәби дереу ауруханаға жеткізілді. Жабық ми жарақатын алған, миы шайқалған. Жағдайы орташа.
БҚО ТЖД балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасы қауіпсіздік қағидаларын сақтауы керектігін ескертеді. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет. Атап айтқанда, үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаған жөн. Себебі бірнеше секундқа назарсыз қалған бала үшін бұл өміріндегі соңғы сәтке айналуы немесе мүгедек болып қалуы мүмкін.
Екіншіден, терезеге тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбаған дұрыс. Москит торының өзін балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді, содан кейін олармен бірге сыртқа құлайды.
Үшіншіден, баланың өздігінен терезені ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыпын орнатпаған абзал.
Төртіншіден, баланың терезе алдына шықпауы және төмен түспеуі үшін терезе жанына жиһаз қоймау қажет.
Сондай-ақ балаларға қауіпсіздік сабақтарын үнемі еске салып отыру қажет. Ересек балаларды кішілерге қарауға үйрету де маңызды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу