ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ: туристік маршруттар бірлесе жүзеге асырылады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Екі елдің туристік қатынастарын нығайтуға мүмкіндік беретін форум жұмысына Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов бастаған өңіріміздің делегациясы да қатысты.
Форумның алғашқы күні «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» көрмесімен басталып, туризм саласындағы соңғы технологиялар, көрсетілді. Орал өңірінің табиғи ерекшеліктері мен тарихи-мәдени құндылықтары да аталмыш көрмеде көпшілікке паш етілді.

Форум аясында қос елдегі туризмнің түрлі салаларын қамтитын 30-ға жуық өңіраралық әрі коммерциялық келісімге қол қойылды. Қос тарап Қазақстан мен Ресей шекаралық өңірлерінде жүзден аса туристік маршрутты бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.
Мамандардың айтуынша, екі ел арасындағы ықтимал әріптестіктің соны саласы – балалар мен жасөспірімдер туризмі. Батыс Қазақстан облысы бұл бағытта Ресейдің көршілес облыстарымен орнатылған екіжақты әріптестікті мейлінше нығайтуға, сонымен қатар салаға тың серпін беретін жаңа тәсілдер мен үрдістерді батыл енгізуге баса назар аударып келеді. Өңіраралық форум аясындағы көрмеде Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы мен Татарстан Республикасының туризмді дамыту мемлекеттік комитеті арасында екіжақты әріптестік туралы келісімге қол қойылуы бұған айқын дәлел. Осы орайда Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ТМД елдері арасында үздік үштікке еніп, «ЮНЕСКО клубы» мәртебесіне ие болғанын айта кеткен жөн. Қазан қаласынан келген делегацияны Ақжайық өңіріндегі балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту тәжірибесі мен іскерлік байланыс орнату мәселесі ерекше қызықтырып отыр.


Батыс Қазақстан облысын көрмеде Бөкей ордасы тарихи-музей кешені мен «БҚО балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» таныстырып, облыста су туризмін, балалар туризмін және өлке туризмін дамыту мүмкіндіктерін ұсынды.
Қазақстан мен Ресейдің келесі өңіраралық форумы Ресейдің Омбы қаласында өтеді.
суреттер http://www.akorda.kz сайтынан алынды
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу