8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2021 2272 0
Дені сау ұлт

ОРАЛДА №7 ЕМХАНА САЛЫНАДЫ

Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. 

Ағымдағы жылы – 188 788,0 мың теңгеге қос денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу өткізілмек. Оған қоса 29 медициналық мекемені қайта жаңғыртуға – 121 464,0 мың теңгеге жобалау-сметалық құжат жасақталуда. Инвестициялық жобалар негізінде елдімекендерде 53 медициналық нысан құрылысы басталмақ. Соның ішінде 13-і – дәрігерлік амбулатория, 20-сы – фельдшерлік-акушерлік пункт, 20-сы – медициналық пункт.

Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және облыс әкімдігімен бекітілген аумақтық дамыту жоспарына сәйкес, республикалық бюджет есебінен 2027 жылы ауысымына 250 келуші қабылдайтын «Ақжайық» шағынауданында жалпы құны –  2 млрд теңге құрайтын қалалық емхана құрылысын бастау жоспары бар. Бұл Оралдағы №7 қалалық емханасы болмақ.

Айта кетейік, басқарма басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков биыл өңірдегі  кардиологиялық орталық мәселесі  түбегейлі шешімін табатынын айтқан болатын.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
94 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»