8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2018 3468 0
Өзек

«ОРАЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ СТАНЦИЯСЫН» ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

 3 қарашасы күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексовтің төрағалығымен Деркөлдегі «Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған басқосуда  ауыл шаруашылығының тауарын өндірушілері егістік және мал шаруашылығына қатысты ақпараттармен танысып, өз ойларын ортаға салды.

Жиын барысында И.Стексов биылғы егістің көрсеткішін айта келе, «Орал шаруашылық тәжірибе станциясын» ірі астық егетін компанияларға сенімді басқаруға  беруді ұсынды. Станцияның ірі астық егетін шарушылықтарсыз жұмыстануы қиынға соғатыны анық, оған егістік керек, бірлесіп әрекеттену арқылы жағдайды түзей аламыз, тұқым қорын қалыптастыру жұмыстарына кірісуіміз керек, бұған станцияның бір өзінің ғана күші жетпеуі мүмкін екенін айтты.

– Биыл жалпы орташа өнімділік 6 центнер гектарды құрады. Бізде қажетті препараттар, гербицид, тыңайтқыш тағы басқасы да жеткілікті болды, қолдан келетіннің барлығы жасалды. Әрі соңғы жылдардағы қолайсыз ауа райы да егіннің бітік шығуына зардабын тигізуде. Тәжірибе станциясы элиталық тұқым шаруашылығының мәртебесін алған, ол жоғары репродукциялық және элиталық тұқымдарды өсірумен айналысады, сонымен қатар  асыл тұқымды герефорд төлдерін басқа кәсіпорындармен бәсекелессіз жеткізуші болып табылады. Негізгі сатып алушылары ауыл шаруашылықтары, – деп атап өтті аталған станция директорының уақытша міндетін атқарушы Валентина Лиманская.

Ауыл шаруашылығы басқармасының тұқым және астық инспекциясы бөлімінің басшысы Кеңес Кайдашев  Елордада өткен Агрофорумда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа механизм енгізіліп, ең төменгі нормаға сәйкес барлық шаруашылықтар бағдарламаға қатысуға тиіс екенін айтты.  Сонымен қатар, сорт жаңарту, ауыстыруға қатыспаған шаруашылықтардың жерлері қайтарылады және жыл сайын тұқымды жаңартып отыру қажет екендігін айтып өтті.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры Аскар Наметов, «Белес» компаниясының бас директоры Мұрат Жәкібаев өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, ауыл шаруашылығы саласында қарастырылатын демеуқаржы мәселелері жайында сөз қозғап, ортақ консорциум құру арқылы жұмыстануға шақырды.

Нұргүл Мұқанова, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»