8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2018 3080 0
Қоғам

«ҚҰРМЕТ КҮНІ» АКЦИЯСЫ

         Қарттар күнінің құрметіне БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары БҚО Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып «Құрмет күні» акциясын өткізді.

Қазан айының 1-і мен 3-і аралығында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары өмірлерінің көп бөлігін сүйікті жұмысына арнаған ардагерлермен кездесті. Кездесу кезінде жас қызметкерлер өз жұмысының нағыз шеберлеріне айналған, жылдар бойы адамдардың өмірін құтқаруға ат салысқан ардагерлерді мейрамдарымен құттықтай отырып, ұзақ әңгімелесті және материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар ардагерлер жас құтқарушыларға жаңа құрылғылар мен жабдықтарсыз шақыртуларға қалай барғандары, адам өмірін құтқаруда қандай әрекеттер жасағаны мен қорқынышты қалай жеңе алғандарын айтып өтті.

– Жұмыстарыңыздың қиыншылықтарына, уақыттың тапшылығына қарамастан бізге келіп, көмек көрсетіп жүргендеріңізге үлкен алғысымызды айтамыз. Елімізде төтенше жағдайлардың аз болуына тілектеспіз. Шынын айтсам жұмысымды сағынамын, – деді ардагер Костецкий Иван Андреевич.

Жасақтың бас құтқарушысы Болатбек Есқалиев мұндай акциялар әлі де жалғасатынын айтты.

– Мұндай кездесулерде біз көптеген қызықты оқиғаларды естиміз және пайдалы кеңестер аламыз. Аталған акция жалғасын табады деп ойлаймын және осы бағытта жұмыс жасай беретін боламыз, – дейді Болатбек.

    

                                                                                        А.Қожанбаева, БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
26 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
216 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
267 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»