8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2018 2570 0
Без рубрики

83 ҚАРУДЫ ЖОЙДЫ

3 қазан күні Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері комиссия мүшелерінің қатысуымен ерікті түрде тапсырылған және тәркіленген қаруларды жою жұмысын жүргізді.

 

 

Мұндай шара Ішкі істер департаментінде әр тоқсан сайын оздырылуда.

Аталған іс-шара Департамент  бастығының орынбасары полиция полковнигі Т.Ө.Ахаев төрағалық етуімен және  тыл, криминалистика, өзіндік қауіпсіздік, тергеу, анықтау салаларының және  зауыт  қызметкерлері қатарынан комиссия құрылып, іске асырылды.

Қызып тұрған отқа 59 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 21 дана газды тапанша, 3 дана травматикалық қару жөнелтілді. Жалпы 83 бірлік қару бөліктері өртке оранды.

Қаруды жою жұмысы Орал қаласындағы «КАЗАРМАПРОМ» ЖШС зауытында жүргізіліп, зауыттың шойын балқыту пешінде отқа оранған металдар санаулы сәтте еріп үлгерді.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
324 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»