8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Шілде 2025 986 0
Оқиға

9 мыңға жуық заңсыз темекі қорабы тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында жүргізілген рейдтік шаралар барысында 9 мыңға жуық заңсыз темекі өнімі тәркіленді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру облыстың ірі сауда орындары – “Мирлан” базары мен “Аяжан” сауда үйінде жүргізілді. Рейд барысында акциздік таңбаларсыз және есепке алу-бақылау белгілерінсіз сатылып жатқан темекі өнімдері анықталған. Мұндай бұзушылықтар салық заңнамасына қайшы келіп, мемлекет қазынасына елеулі шығын келтіреді.
Нәтижесінде 8236 қорап заңсыз темекі тәркіленіп, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мамандардың айтуынша, аталмыш шаралар заңсыз өнім саудасының алдын алу және көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталған.
«Жайық Үні»

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
20 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
27 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»