78 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі жұмыс істеп тұр
Соңғы 4 жылда түрмедегі адамдардың саны 7 мыңға жуық өсті. Бұл бөтеннің мүлкін ұрлау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, мал ұрлығы және жол-көлік оқиғалары саласындағы заңнаманың қатаңдатылуына байланысты болып отыр.

Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлім етті.
«Бүгінде елімізде 78 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі жұмыс істейді, онда 37 мыңнан астам сотталған жазасын өтеп жатыр, оның 3 мыңға жуығы әйелдер және 50-ден астам кәмелетке толмағандар. 93%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар. Бұл ретте сотталғандардың 45%-ы бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, ҚАЖК қоғамның ең күрделі санатымен жұмыс істеп жатыр. Осыған қарамастан, мекемелерде жедел жағдай тұрақты және бақылауда. Қамаудағы әр адаммен психологтар мен мекемедегі әртүрлі қызметтер кешенді жұмыс жүргізеді.
Дереккөз: kazinform.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру