8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2018 3536 0
Өзек

7 айда 115 қалта ұрлығы тіркелді

Ағымдағы жылдың жеті айында өңірде 169 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Балалардың қатысуымен 24 оқиға орын алып, үш балғын көз жұмған, 24-і түрлі деңгейдегі жарақат алыпты. Бұл туралы БҚО ішкі істер департаментінде өткен брифингте айтылды.

БҚО ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Кенжебек Құспаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – маневр, көлікті басып озу ережелерін бұзу, қарама-қарсы бағытқа шығып кету, жылдамдықты асыру. Кейде ауа-райының бұзылуы да жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп. Мәселен, 18 жағдай ауа-райының қолайсыздығынан болған. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 18-і жарақат алған. Жылдамдықты асыру себебімен 48 жағдай тіркеліп,  11 адамның өмірі қиылған. 50-і жарақат алған. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 67 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, алты адам көз жұмған, 61-і жарақат алыпты. Мас күйде жол қозғалысына қатысушы азаматтардың қатысуымен 12 оқиға болған, бұдан да 6 азамат ажал құшыпты.

Қоғамдық орындарда 115 қалта ұрлығы тіркелген. Осы орайда қоғамдық көлікте өзгенің мүлкін ұрлауды болдырмау мақсатымен жуырда облыс орталығында жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме басшыларының қатысуымен түсіндіру шарасы ұйымдастырылып, көлік салонына бейнебақылау камерасын орнату, LED экрандар арқылы профилактикалық сипаттағы видеороликтар жіберу, дауыс зорайытқышпен жолаушыларға  жеке заттарына мұқият болуды ескерту туралы ұсыныстар берілген. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтау мақсатында түрлі шаралар өткізілуде.

– Облыс аумағында «Қауіпсіз жол», «Автобус» сынды жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Жол қауіпсіздігін тұрақтандыру мақсатымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу айлығы өткізіліп, «Жылдамдық», «Тонировка», «Жаяу жүргінші», «Шекара», «Мас жүргізуші», «Мотоцикл», «Тұрақ» жедел-алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Айлық кезінде 9 842 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Осы жеті айда 49 426 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Оның 923-і көлікті мас күйде басқарған жүргізушілер, – деді Кенжебек Сүйеужанұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс нысандары бақылауда
17 Тамыз 2026
15 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
16 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
146 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
140 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Ұлттық ядролық орталық өкілімен сұхбат
14 Тамыз 2026
152 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
14 Тамыз 2026
153 0
Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ!
14 Тамыз 2026
71 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Институт ядерной физики — научно-технологическая опора атомной энергетики Казахстана
13 Тамыз 2026
184 0
Өңір жаңалықтары
Белсенді жастар – қала дамуының қозғаушы күші
13 Тамыз 2026
193 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»