8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2019 2810 0
Қалалықтар қаперіне

ШІЛДЕДЕН БАСТАП МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ҚАЛАЙ ӨСЕДІ

«Сараланған кірісті есептей отырып, бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 169,7 млрд теңге бөлінетін болады. Ұлттық экономика министрлігі облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі еңбек ететін айлығы төмен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысының коэфицентін арттыру жолымен бірыңғай еңбек төлемі жүйесіне өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл ретте 37 мың мемлекеттік қызметші қамтылатын болады», – дейді Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Парламент Мәжілісінің ҚР 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылауға арналған отырысында. Оның айтуына қарағанда, орташа есеппен айлық 25 пайызға, ал мамандардың жалақысы 25-30 пайызға, бөлімше басшыларының айлығы 10-15 пайызға өседі. Вице-министр өз сөзіне қарағанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызметкерлерге қатысты жұмыс жүргізіп жатқанын баян етті. «Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері бойынша белгілі бір ерекшеліктер бар. Жауапты органдар бүгінгі талқы барысында ол мәселе жайлы баян ететін болады», – дейді Татьяна Савельева.

https://www.inform.kz/kz/shildeden-bastap-memkyzmetshilerdin-zhalakysy-kalay-osedi_a3507121

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»