8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2024 6493 0
Бәрекелді!

400 орындық мектеп ашылды!

Бүгін, желтоқсанның 14-і күні Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Орал қаласында жаңадан №31 мектептің ашылу рәсімі өтіп, оған БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов қатысты.

– Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты сәтті пайдаланып, алдымен баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл 400 орындық білім ордасы – заманауи құрылғылармен, технологиялармен жабдықталған. Сондықтан сапалы білім беруде жасалған игілікті істер өз нәтижесін береді деген сенімдемін. Жаңа оқу ордасы құтты болсын,-деді БҚО басшысы.

Бұдан соң білім ұясының симфоликалық кілтін құрылыс мердігері, «Альтаир» ЖШС құрылтайшысы Александр Потиченко мектеп директоры Гүлзада Файзуллинаға салтанатпен тапсырды.

Білім ұясының ашылу лентасын облыс әкімі Н. Төреғалиев пен білім беру саласының ардагері Галина Седина қиды. Мектеп оқушылары өнер көрсетіп, ата-аналар мен қонақтар, шәкірттер ғимаратты аралады.

Г.АЯЗБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»