8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2022 2832 0
Қалалықтар қаперіне

36 млн теңгеге жуық әкімшілік айыппұл өндірілді

Әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі қаулыларды орындаудың бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап облыс аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бір айға жоспарланған бақылау шарасының алғашқы он күндігінде 2336 әкімшілік айыппұл бойынша 35 млн 803 мың теңге сома өндірілді. Қомақты берешектің қазынаға қайтарылуы БҚО-ның полиция департаменті мамандары мен жеке сот орындаушыларының бірлесіп әрекет жасауы нәтижесінде мүмкін болды. Сондай-ақ мамандандырылған тұраққа 3 млн теңгеден астам айыппұлды қасақана төлемеген 88 азаматтың көлік құралы қамауға алынды.– 6 желтоқсаннан бастап облыс орталығында «СұңқарСмартҚорғау» жүйесі іске қосылған. Ол нақты уақыт режимінде полицияға қызығушылық тудыратын автокөлік құралдарын, атап айтқанда, жалған нөмірлі көлік құралдарын бақылауға мүмкіндік береді. Бұрын автокөлікті басқару құқығынан айырылған, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі жоқ, алимент бойынша берешегі барларды жеке сот орындаушыларын қамауға алып, сондай-ақ өтелмеген әкімшілік айыппұлдарды анықтайды,- деді БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы Дариға Мәжитова.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»