8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Сәуір 2022 1701 0
Көңіл айтамыз

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Бүгін, өкінішке орай, аптаның алғашқы күні суық және мұңды хабармен басталды!
Себебі, «ТДК-42″ телеарнасының тамаша журналисі, өңірге танымал азамат Роман Копняев бақилық болыпты» деген тосын хабарды естіп, дағдарып қалдық.
Иә, Роман Копняев өте сауатты, ақ көңіл, өз ісіне адал азамат еді. Ұзақ жылдар «ТДК-42» телеарнасында белсенді қызмет атқарып, өңірдегі телеарна салаларына сүбелі үлес қосқан Роман әріптесіміздің ғұмыры қысқа болады деп кім ойлаған?! Небәрі 50 жасында бұл жалғаннан қош айтысып отырғаны әріптестерінің, тума-туыстарының көңілін жабырқатып тастады.
Роман үнемі шындықты шырылдап жеткізе жүретін, әділдікті ғана айтып, облыстағы, қаладағы әр салаға журналистік көзқараспен араласатын белсенді азамат-тұғын.
Біз, «Жайық үні» газетінің редакция ұжымы өзімізді ерекше сыйлайтын, «Тілі басқа болса да – тілегі бір. Жүзі басқа болса да жүрегі бір» жерлесіміздің, әріптесіміздің кенеттен болған қайғысына ортақтасып, Роман Копняевтің жанұясына және » ТДК-42″ телеарна ұжымына қайғырып көңіл айтамыз!
Бақұл бол, Роман бауырымыз!
«Жайық үні-Жизнь города» газеті.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
303 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
323 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
302 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
343 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»