«ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ» ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысында туған өлкенің, елдің дамуына үлес қосып, әлеуметтік маңызды қайырымдылық шараларына демеушілік жасап жүрген меценаттарға «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды.

Салтанат сарайында өткен марапаттау шарасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Алдымен «Туған жер» бағдарламасы аясында Орал қаласы мен аудандарда меценаттардың және мектеп түлектерінің демеушілігімен жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар көрме арқылы таныстырылды.


Форумды облыс әкімі Алтай Сейдірұлы ашып, атамекеннің абыройын асқақтатып жүрген ел азаматтарына шынайы алғысын білдірді.
– Ақжайық өңірі – ата дәстүрінен айнымаған, салтына берік, ұлттық құндылықтарды қадір тұтатын қасиетті өлке. Осынау өлкеде ел мүддесін өзінен биік қоятын, атамекеннің абыройын асырып жүрген азаматтар аз емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өтті. Ел тарихы тұлғалар арқылы жасалынатынын ескерсек, Ақ Жайық өңірінде көптің алғысына бөленіп жүрген жандар жеткілікті. Бұл атадан келе жатқан игі дәстүрдің бүгінгі жалғасы. Қазақы қасиетіміздің айқын белгісі. Ағайынға болысу, әлсізді демеу, жасы кішіні қолдау – азаматқа тән мейірімділік пен кеңдіктің көрінісі. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты принципке негізделіп, алты арнайы жоба, алты кіші бағдарлама арқылы жүзеге асырылуда. Аз ғана уақыттың ішінде қыруар жұмыс атқарылды. Ең бастысы, туған өлкесін дамытуға белсене кіріскен жандардың қатары көбеюде. Облыс бойынша 60 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Әсіресе өңір меценаттары спорт, денсаулық, білім салаларына көбірек көңіл аударып келеді. Қазіргі таңда облыстағы әр елдімекенде спорт кешені, балалардың ойын алаңдары, мектептердің арнайы кабинеттері мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, аудандық музейлерді толықтыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, ескерткіштер салу секілді шаралар атқарылуда. Сонымен қатар республикалық қорлардың көмегі тиюде. «Самұрық Қазына» және «Асыл мирас» қайырымдылық қорлары спорт инфрақұрылымын жақсартуға, бүлдіршіндерге қолдау көрсетуде, – деді Алтай Сейдірұлы.



Биылғы жылы «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында облыс аумағында 134 меценаттың қатысуымен 166 жоба мен түрлі деңгейде шара өткізілген. Оның 138-і ауылдық округте, 20 жоба аудандық деңгейде, сегізі облыс орталығында жүзеге асқан. Бағдарлама аясындағы осы әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға атсалысқан жергілікті кәсіпкерлер «Жомарт жүрек» сыйлығы мен облыс басшысының алғыс хатына ие болды. Атап айтқанда, бірқатар әлеуметтік нысандарды жүзеге асырып, соның ішінде киелі нысандардың бірі саналатын «Жайық қалашығының» кіреберісін салуға үлес қосқан Сержан Айтжан мен «Отдельстрой» ЖШС директоры Валентина Михно, Орал қаласында өз қаражатына тынымбақ салып берген «Батыс Пауэр» ЖШС директоры Жасұлан Жақыпов және БҚО ҚХА этно-мәдени орталықтары «Туған өлке» аталымы бойынша марапатталды. Әлеуметтік саланың дамуына қаржы бөліп, жалғызбасты аналарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалар үйлеріне қолдау көрсетіп жүрген «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісов «Алтын ұя», маңызды қайырымдылық шаралардың бас демеушісі боп жүрген «UNISERV» ЖШС-ның бас директоры Нұрғазы Сәтбаев «Жылдың әлеуметтік жауапты ұйымы» аталымымен марапатталды. Ал «Қала күні» қарсаңында шаһар тұрғындарына тынымбақ салып берген, «Тақсай ханшайымы» мавзолейін салуға ерекше үлес қосқан «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов «Жыл меценаты» атанды.

Өңірімізде 10-нан аса спорт және балалар ойын алаңын салып берген «Самұрық-Қазына Траст» ЖШС басшысы Ахметжан Есімов «Әлеуметтік салаға қосқан үлесі үшін» аталымымен марапатталса, аутизм диагнозы бар балаларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, бейімдеуге арналған орталықтың ашылуына ұйтқы болған «Асыл мирас» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Болат Өтемұратовқа «Жүректен жүрекке», ауылдарына фельдшерлік амбулаториялық пункт салып берген Қазталов ауданы Әжібай ауылының тумасы ағайынды Срәлиевтер – «Жыл азаматы» аталымын иеленді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 5 мамырында суға батып бара жатқан 3 жасар сәбиді құтқарған Қазталов ауданы Қошанкөл ауылы Ғ.Бегалиев орта мекебінің 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов «Батыл жүрек» аталымымен марапатталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Бүгінде Құрылтай жаңа мазмұнға ие болып, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық пікір алмасудың маңызды алаңына айналды
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел экономиканың әртүрлі салаларында еңбек етуде
Жаңақала ауданында «Заң мен тәртіп – әділетті қоғам кепілі» форумы өтті
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды
Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті
Казахстан развивает ядерные технологии не только в энергетике, но и в медицине, промышленности, экологии и науке
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды
Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы астаналық сотталды

Кіру
Пікір үстеу