8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Тамыз 2023 1188 0
Мезгіл мәселесі

15,6 мың адам қайтыс болса да, баспана кезегінде тұрған

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтты.

«Индустрия және нфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, өзара іс-қимыл аясында тұрғын үйге мұқтаж ретінде қолданыстағы кезек тізімінде тұрған азаматтардың заң талаптарына сәйкестігін саралады. Аталған сараптама деректеріне сәйкес, мынадай келеңсіздіктер анықталды: кезекте тұрған 96,1 мың адамның соңғы 5 жылда баспанасы болған; 533 адамның Қазақстан азаматтығы жоқ; 91,4 мың адамның тіркелген жері кезекте тұрған өңірмен сәйкес келмейді; 29 мың адам тұрғылықты жеріне тіркелмей кезекке тұрған; 15,6 мың адам базалаларда қайтыс болған ретінде көрсетілген. Жалпы, 647 мыңға жуық кезекте тұрған адамның 232 мыңы заңнама талаптарына мүлем сай келмейді және алдын ала мәліметтер негізінде кезектен алынуы қажет», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтінше, әкімдіктер заңнама талаптарына сай келмейтін азаматтарды кезектен алып тастау жұмысын бастайды.

«Соның арқасында нағыз мұқтаж азаматтардың кезегі жылжиды. Әділетті қоғам құру үшін мемлекет көмегін нағыз мұқтаж адамдарға көрсету өте маңызды. Сондықтан да, тұрғын үй кезегінде тек мұқтаж азамттар тұруы тиіс», – деді Бауыржан Қабдол.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
241 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
272 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
249 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»