8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2026 360 0
Өңір жаңалықтары

Сарыкөл ауылдық клубы пайдалануға берілді

Жаңақала ауданына қарасты Сарыкөл елді мекенінде жаңа клуб есігін айқара ашты. Бұл — облыста 2023 жылдан бері салынған он алтыншы мәдениет нысаны. Шалғай ауыл тұрғындарының қуанышына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат депутаты, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Ербол Салықов ортақтасты.

Сарыкөл ауылы облыс орталығынан 300 шақырымдай шалғайда жатыр. Мұндағы мәдениет нысаны апатты деп танылған. Бас-аяғы 5 айдың ішінде жаңа ғимарат бой көтерді. Ауылдық клубтың ашылу рәсімінде тұрғындарды облыс әкімі құттықтады. Аймақ басшысы жас ұрпақтың талабын танып, талантын ұштау маңызды міндет екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қала мен ауыл мектептеріндегі айырмашылықты азайту жөнінде нақты міндеттер қойды. Жаңа оқу жылында біз ауылдық елді мекендерде 8 мектепті пайдалануға бердік. Бұл тапсырма тек білім сапасына ғана қатысты емес. Ауыл балаларының бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау, оларды өнерге баулу да — біздің міндетіміз. Бүгін шалғай ауылда ашылған шағын клуб елді мекеннің мәдени-рухани тынысына соны серпін беретініне сенім мол, – деді Нариман Төреғалиев.

Мәдениет үйіндегі концерт залы 80 орынға лайықталған. Мердігер ұйым музыкалық аппаратура мен сахна жабдығын сыйға тартқан. Клубта төрт үйірме жұмыс істейді. Ауылдық кітапхана да осында орналасқан. Әжелер мен келіндер ансамбльдері мәдени-рухани шаралардың ұйытқысына айналды. Тұрғындар игілікті істің басы-қасында болған азаматтарға алғыс айтты.

– 22 жылдан астам уақыт осында клуб меңгерушісі болып жұмыс істедім. Біз қамыс пен қи, кейін көмір жақтық. Сол кездер мен қазіргі жағдайдың арасы жер мен көктей. Уақыт талабына сай су жаңа ғимарат салынды. Қуанышымызда шек жоқ, – деді мәдениет саласының ардагері Меңсұлу Рамазанова.

Ауылдық клубтың айналасы абаттандырылған. Көшеттер отырғызылып, бейнебақылау камералары қойылған. Айта кетейік, өңірде тағы 3 мәдениет үйі салынып жатыр.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Конституция – қоғамның тірегі
10 Қазан 2026
75 0
Өңір жаңалықтары
Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады
09 Қазан 2026
116 0
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
104 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
148 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
177 0
Конституция
Аманатқа қиянат жасамайық
04 Қазан 2026
255 0
Таза Қазақстан
Оралда 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды
03 Қазан 2026
282 0
Без рубрики
Әлеуметтік әділеттілік және қамқорлық
03 Қазан 2026
271 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»