8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қараша 2026 36 0
Жалын

Прокуратура қызметкерлеріне жаңа нысан

6 желтоқсан – Прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы мереке қарсаңында Ақсай қаласында Бөрлі аудандық прокуратурасының жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Бұл салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысының облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, құқық қорғау органдарының өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.
Жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы прокуратура органдарының қоғамдағы орнына тоқталып, заңдылықты сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы жауапкершілігін атап өтті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруды басты міндеттердің бірі ретінде айқындады. Әділетті қоғам қалыптастырудың негізі – заңның мүлтіксіз сақталуы және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімі. Жаңа ғимарат прокуратура қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне, тұрғындардың өтініштерін сапалы қарауға және халыққа көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Нариман Төреғалиев.
Екі қабатты заманауи ғимарат прокуратура қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған. Жаңа нысанның пайдалануға берілуі мамандардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына, тұрғындармен жұмысты тиімді ұйымдастыруына қолайлы жағдай жасайды.
Бұл жағымды жаңалықты «Жайық үнінің» осы аптадағы №48 санынан оқуға болады.

Ақбөбек НҰҒМАНҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Жолда жүру қағидаларын бұзған
24 Қараша 2026
65 0
Заң және тәртіп
50-ге жуық заңсыз қоқыс орнын анықтады
24 Қараша 2026
63 0
Заң және тәртіп
Заңсыз граффитиге қарсы жұмыс жалғасуда
24 Қараша 2026
64 0
Заң және тәртіп
«Ұрлығы көп» күдікті…
24 Қараша 2026
65 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа автобустар жолға шықты
24 Қараша 2026
66 0
Инфрақұрылым
Үш ірі жоба жүзеге асты
24 Қараша 2026
64 0
Мезгіл мәселесі
Қысқа дайынбыз ба?
24 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
23 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
23 Қараша 2026
118 0
«Әділет» партиясы
ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
21 Қараша 2026
209 0
«Әділет» партиясы
АМАНГЕЛДІЛІКТЕР ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
20 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
19 Қараша 2026
285 0
«Әділет» партиясы
АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛА ТҮСУДЕ
19 Қараша 2026
298 0
«Әділет» партиясы
АУЫЛ БОЛАШАҒЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРАҚТАУЫНДА
18 Қараша 2026
315 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»