Оралда есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен жойылды
Орал қаласында полицейлер “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтап, оның жұмысын тоқтатты.
Заңсыз бизнесті 25 жастағы қала тұрғыны ұйымдастырғаны белгілі болды. Тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту кезінде 12 түйіншекке оралған өсімдік тектес зат, электронды таразы, жазбалары бар дәптер, zip-пакеттер, оқшаулағыш лента және ноутбук тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.Сондай-ақ есірткі жасырумен айналысқан 24 жастағы жігіт ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан бір түйіншек табылып, тәркіленді. Ұялы телефонын қарау барысында есірткі жасырған 40 орынның координаттары анықталды, сол жерлерден ерекше иісі бар, қою қоңыр түсті өсімдік тектес зат салынған 17 түйіншек тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция оңай табыс табу уәдесіне алданып қалмауға шақырады. Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны
Государство не ограничивает свободу слова, а защищает ее – Аида Балаева
Өнер мен мәдениетке көрсетілген құрмет – ұлт руханиятына жасалған қолдау
Жалған ақпаратқа қарсы орталық: Құрылтай сайлауы қарсаңында фейктер көбейді
«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Кіру