8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2020 1619 0
Өзек

КОРОНАВИРУС ҚАУПІ. ШЕКАРАДА САНИТАРЛЫҚ-КАРАНТИНДІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Шекаралық бекеттерде орналастырылған санитарлық-карантиндік бақылау бекеттері арқылы көршілес елден БҚО аумағына өткен 700-ге жуық азамат тексеріліп, орналасқан мекенжайлары бойынша бақылауға алынды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында  БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары «Орал» әуежайында халықаралық және ішкі әуе рейстерімен келген азаматтарды санитарлық-карантиндік бақылаудан өткізу шараларын күшейтті.  Ұшақтан түскен азаматтар сауалнама толтырады және олардың дене қызуы тексеріледі. Одан соң қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жадынама беріледі.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен арадағы бес шекаралық автокөліктік өткізу бекетінде тәулік бойы санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Бұл жұмыстарды департаменттің 17 маманы атқаруда. Мамандар байланыссыз дене қызуын өлшеуге арналған тепловизормен, жеке қорғану құралдарымен және  дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етілген. Барлық бекетте коронавирус инфекциясына күдіктілерге аналған оқшалау бөлмесі ұйымдастырылған.

17 наурыздан бүгінгі күнге дейін Ресей Федерациясынан шекара арқылы Қазақстанға 679 азамат өткен. Барлығы тұрғылықты мекенжайлары бойынша медициналық бақылауға алынған. Сондай-ақ 21 наурыздан бастап Ақтөбе мен Атырау облыстарымен шекарада санитарлық бақылау пункті қойылып отыр. Бұл жерде де полиция қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиология қызметі азаматтарға сауалнама жүргізуде.

– Елімізде, дәлірек айтқанда облысымызда короновирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында барлық мүмкіндіктер жасалуда. Мамандарымыз әуежайда, вокзалда, санитарлық-өткізу бекеттерінде тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Дегенмен, сақтық шараларына азаматтар ден қойса игі. Қарапайым алдын алу шараларын ұстану керек. Мысалы, қол мен бетті жиі және мұқият сабындап жуу, қолға арналған спиртті антисептиктерді пайдалану, науқас адамдармен тікелей байланыста болмау керек. Дене қызуының көтерілуі, мұрын бітелу, жөтел, тамақтың ауруы сынды салқын тиюден болатын аурулардың белгілері байқалғанда дереу дәрігерге жүгіну қажет немесе жедел жәрдем шақыртқан жөн. Сондай-ақ коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерде болған азаматтар жақындарын қорғау үшін анкетаға бұл мәліметті көрсетуі керек, – деп түсіндірді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
120 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
70 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
100 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
130 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
123 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
124 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»