8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2026 63 0
Наурыз

Дәстүр дәріптелген думан

19 наурыз күні ғасырдан аса тарихы бар Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Дәстүр мен береке бастауы – Наурыз!» атты кең ауқымды мерекелік шара өтті.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды кешке колледж ардагерлері, арнайы шақырылған қонақтар, оқытушылар, ата-аналар мен студенттер қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында сахна төрінде ән мен күй әуелеп, мың бұралған бишілер қазақы нақыштағы өнерлерін паш етті. Наурызнаманың онкүндігі аясында әр атаулы күнге орай түрлі кафедра студенттері мазмұнды көріністер ұсынып, ұлттық дәстүрлердің терең мәнін ашып көрсетті.

Атап айтқанда, Көрісу күніне орай қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы тағылымға толы шара ұйымдастырса, Қайырымдылық күні аясында «Ынтымақ» қайырымдылық клубы мен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасы игі акциялар өткізді. Ал Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне байланысты үш кафедра «Бастаңғы», «Шашбау тағу», «Қара шаңырақ – қастерлі ұғым» атты қойылымдарын сахналады. Ұлттық киім күніне орай көркем еңбек және технология кафедрасы сән үлгісін көрсетіп, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт кафедрасы ұлттық ойын түрлерін дәріптеп, тымақ ұру, табан тартыс, ләңгі, асық ойындарын көпшілікке таныстырып, қонақтарды да белсенді қатысуға шақырды. Ал Ынтымақ күніне орай орыс тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Жаворонок» атты әсерлі қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Мерекелік нөмірлерден кейін колледж директоры Алтынгүл Жақсығұлқызы сөз сөйлеп, жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, келген қонақтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, ардагер ұстаздар мен қонақтар, колледж оқытушылары мен студенттері түрлі аталымдар бойынша марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.

Шара соңы колледж алаңында құрылған киіз үйді тамашалау мен ұлттық ойындарға ұласып, мерекелік көңіл күйді одан әрі айшықтай түсті.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Наурыз
Дәстүр дәріптелген думан
20 Наурыз 2026
63 0
Құттықтаймыз!
Ораза айт құтты болсын!
20 Наурыз 2026
41 0
Құттықтаймыз!
«Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды
19 Наурыз 2026
81 0
Наурыз
Құрметті оқырман!
19 Наурыз 2026
77 0
Мәдениет
Ұлттық киім – ұлт рухының айнасы
18 Наурыз 2026
107 0
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
188 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
134 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
162 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
192 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»