8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Тамыз 2020 1210 0
Өзек

БЕС ЖАСАР БАЛА ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАБАТТАН ҚҰЛАДЫ

Оқыс оқиға  бүгін, 18  тамыз күні Орал қаласының Қонаев шағынауданында орын алды. 

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылғы ұл бала тоғызыншы қабаттың  терезесінен құлап, жедел жәрдем жеткенше көз жұмған.

Төтеншеліктер көбіне  ересектердің  қарауынсыз қалған балалар осындай жағдайларға ұшырайтынын ескертіп, балаларды қараусыз қалдырмауға, тіпті қысқа мерзімге болса  да балаларды терезе ашық  бөлмеде оңаша қалдырмауды сұрайды.

Қайғылы салдар болмауы үшін кішкентайларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйрету, балалардың уақытын өткізуді және қауіпсіздігін тиісті түрде бақылау керек.

Еске сала кетейік, 1 шілдеде екі жасар балғынның екінші қабаттағы терезеден құлап, жабық бас-ми жарақатын алғанын жазған едік. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің  мәліметінше,  жыл басынан бері 7  баланың терезден құлағаны тіркелген.

zhaikuni.kz

БҚО ТЖД ескертеді: 
• пәтерде терезелерді және бөлмені желдеткен кезде баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз.
• желдету кезінде фрамугалар мен форточкаларды ашыңыз. Егер терезені ашсаңыз, оны 10 см-ден артық ашпаңыз, осы мақсат үшін шектегіштерді қойыңыз.
• балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз.
• ешқашан ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезеге баруы мүмкін.
• барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді терезеден алыс қойыңыз. Бұл баланың терезе алдына еркін шығуының алдын алуға көмектеседі.
• москит торлары үлкен қауіп төндіреді: бала алдында қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді тіреледі, нәтижесінде ең кішкентай баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
• егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорықса, оны тіпті қысқа уақытқа да қалдырмаңыз. Көбінесе, қорқынышты сезіп, балалар ата-аналарын терезеден немесе балконнан қарауы мүмкін, бұл жоғарыдан құлауына әкеп соғады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
119 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
69 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
100 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
130 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
123 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
124 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»