8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2024 2670 0
Мәдениет

БҚАТУ-дың студенттік театры бар

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Ұшқын» студенттік театры өз жұмысын бастады.


Білім ордасындағы «Мәдениет және өнер» студиясының бастамасымен ашылған студенттік театр өзінің алғашқы премьера
сымен университет сахнасына шықты. «Алғашқы махаббат» атты шағын қойылымның режиссері – Руслан Кенесарин.

Премьераны Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының белді актерлары Самал Әбуов пен Эльмира Мақашева, Орал қалалық Жастар мәдениет сарайының әдіскері Мергүл Жақыпова, «Атамекен» өнер ордасының концерттік режиссеры Еркін Қали университет оқытушыларымен бірге тамашалады.

Ораз бен Әйгерім есімді кейіпкерлердің мектеп партасындағы бала махаббаттарының айналысында өрбитін туынды уақыты қысқа болғанымен,балалық шақтың тәтті шақтарын, оқушылық кезеңнің ұмытылмас сәттерін еске түсірді. Көрермен ризашылықпен қол соғып, өнер иелері өз бағаларын берді.

Қойылым соңында университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов пен кеш қонақтары сөз алып, жас театр ұжымына сәттілік тіледі. Өзге меймандар да студенттік театрдың ашылуына қолдау көрсеткен университет басшылығына алғыстарын білдіріп, «ұшқындықтардың» үлкен сахналардан көрінуіне тілеулестік танытты.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

БҚАТУ медиа орталығының директоры

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
«Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды
19 Наурыз 2026
60 0
Наурыз
Құрметті оқырман!
19 Наурыз 2026
59 0
Мәдениет
Ұлттық киім – ұлт рухының айнасы
18 Наурыз 2026
87 0
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
170 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
116 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
147 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
177 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
167 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»