8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Маусым 2019 1564 0
Қоғам

ТАҒДЫРЫМЕН КҮРЕСКЕН…

        «Еңбек барлығын жеңбек». Бұл Аиданың өзін-өзі шыңдап, тағдырдың қиындығына мойымау үшін жиі қайталайтын сөзі. Жарық дүниеге туабітті кемтарлықпен келгенде елдің «Бұл бала қалай күн көреді екен?» деп мүсіркей қарағанын сезетін. Бала күнінен бастап қайтсем де елдің көшінен қалмаймын дегенді өзіне мақсат етіп қойған ол жігері мен мақсатын қоя білді…

 

Аида Шакирова өмірдің талай қиыншылығын көрседе жігері мұқалмаған өжет қыз. Туылғаннан сал ауруына шалдыққан. Дәрігерлердің қойып отырған диагнозы «екі жақты сан сүйегінің туабітті шығуы». Ақ халаттылар мүлдем ота жасауға болмайтынын ескерткен.

Бүгінде Зашаған кентіне қарасты Көктем шағынауданындағы «Көктем» сауда үйінің бір бұрышынан жалға жер алып, шағын кәсібін дөңгелентіп отыр. Тырнақты түрлендіріп, саусаққа сүйкімділікті дарытуға талап қылған Аиданың бәзбіреулердей ақша үшін жанталасып отырғанын байқамайсыз. Әр клиентіне үлкен жауапкершілікпен қызмет көрсетіп, аса ұқыпты қарайды.  – Жеке басына әркім өзі жауап береді. Ешқандай бояу жақпайтын, тырнақ та өсірмейтін, тек саусақтағы артық еттен арылып, сәнмен сүйірлетіп қана қоя салған қарапайым қызмет 1000 теңгеден басталса, бір айға дейін жуса да кетпей, жарқырап сақталатын лак түрлерімен бояу, әртүрлі әшекеймен әрлеп сурет қондыру сынды күрделі жұмысқа 2500-5000 теңге аралығын қамтиды, – дейді ол. Тек салтанатты жиындарда ғана емес, күнделікті өмірде, қызметте тырнақты әрлеп, бой түземесе ісі жүрмей, көңіл-күйі кірмейтін қаракөздеріміз Аиданы айналып өтпейді. Өйткені тағдырдың сынына қайыспай, жігерін жанып, ешкімнен қолдау күтпейтін қаршадай қыздың табандылығына бәрі бас иеді.

1990 жылы Бөкейордасы ауданы Бисен ауылында дүниеге келген Аида Шакирова  1998 жылы отбасымен қалаға қоныс аударыпты. Сол жылы үшінші топ мүгедектігі тағайындалады. Үйден оқуға намыстанған оқушы қыз ел қатарлы қаладағы Ә.Молдағұлова атындағы №38 орта мектепте білім алады. 9 сыныпты бітірген соң қаладағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің технология мамандығына оқуға түседі. 2012 жылы алғашқы еңбек жолын Бөрлі орта мектебінде бастап, бес жыл қыздарға еңбек пәнінен сабақ береді. Жастайынан шаш өру, бет әрлеуге қызығушылығы артқан ару мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ  қолөнер үйірмесінен шықпайтын болған.  Ұстаздық ете жүріп, тырнақ әрлеу курсынан өтеді. «Біртіндеп мұғалімдік менікі емес екенін түсіндім. Өзім үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жанмын. Кейде айналамдағылардың аянышты көзбен қарағанын байқаймын, бірақ ешқашан өзімді қораш сезініп, қоғамнан алыстаған емеспін.  Алғашында салондарда жұмыс жасадым. Өткен жылы Зашаған кентіндегі «Көктем» сауда үйінен орын алып, жеке кәсібімді бастадым. Мені іздейтін клиенттерім көп. Соған тәубе деймін. Тырнақ сәндеудің түрлі әдістері бойынша білімімді жетілдіріп отырамын. Аядай ғана бұрышта кәсібімді дөңгелентіп отырмын. Қазір заманауи технологияның дамыған уақыты ғой. Тырнақ жасаудың әртүрлі тәсілдерін жасау үшін құрылғылар алдым. Бұл менің көптен бергі арманым еді» деген кейіпкеріміз  әзірше қолөнермен айналысатын шеберханасы жоқ екенін айтып қалды. Әйтпесе, он саусағынан өнері тамған шебер қыздың армандары көп-ақ.  Не баспананың кезегіне тіркелмеген, не жеке кәсіппен айналысуына мемлекеттен қолдау сұрамаған, бірақ  қоғам назарынан тыс қалмай, өзінің қарым-қабілетін осылайша шыңдап жүрген Аиданың қажырлылығына таңданбасқа лажың жоқ. Қолы босай қалса спорт залына асығатын ол денсаулығын қалыпты етуге тырысып бағады. Көмек сұрап, ешкімге алақан жайған емес. Өз тірлігімен қаржы жинап, Египетке, Түркияға сапарлатып қайтыпты. Әкесі Исатай мен анасы Сара үнемі намысқа тырысып жүретін тұңғыштарының өмір сынағына мойымай, мақсатына жету жолындағы әрекеттеріне риза. Анасы Сара Шакирова қызының туабітті дертке шалдығуына Орда тарихының қасіретті беті – Капустин Яр полигонының әсері болған деп топшылайды. Осы уақытқа дейін апармаған жері, қабылдамаған емі жоқ. Бірақ, ата-анасы ақылды қыздарының болашағына байыппен қарайтын салмақты мінезі, ауруға мойынсұнбайтын қайсар мінезі оны қоғамнан алшақтатпайтынына сенеді.

– Әр адам алдына бір үлкен мақсат қояды да, оған жететін саты іспеттес кішкентай мақсаттары болады. «Өмір сынағы» мен үшін сондай мақсаттардың бірі, яғни үлкен мақсатыма жету жолындағы баспалдақ болды, – деп тек өз тірлігімен ғана алға ұмтылған өжет қызға жергілікті биліктен қандай да бір қолдау көрсетілсе деген ой қалды көкейде.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
108 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
161 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
404 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
885 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1263 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1157 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1622 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2239 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2404 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2411 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2461 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2466 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2072 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2946 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2999 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2993 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3606 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3575 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3566 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3541 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3702 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»