Қазгидромет: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ЖАУЫН ЖАУАДЫ

people with umbrellas walking in the city while it is heavy raining
Бүгін Қазақстан аумағынан атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын жауады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, елдің отүстік шығысына, орталықта және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Дегенмен республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай жарқырап, тұман түсуі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, солтүстікте – дауыл соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Түнде республиканың кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында жел күшейеді, басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының аймақтарында шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады. Бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысындп жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Атырау облысының бірқатар аумақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы, Түркістан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Маңғыстау, түнде Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Павлодар, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстарында 1-8 градус аралығында үсік жүреді. Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде үсік -3 градусқа дейін сақталады. Қызылорда облысында өрт қауіпі өте жоғары деңгейде болады.
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу