БҮГІННЕН БАСТАП ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ТҮБІРТЕК БЕРУГЕ МІНДЕТТІ
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына сәйкес, 1 сәуірден бастап бірқатар қызметтер, соның ішінде такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттеліп отыр.
Қаржы министрінің аталған порталда жарияланған «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Бұл өзгерістер 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
Бұйрыққа сәйкес, ҚР аумағындағы салық төлеушілер өз қызметін жүзеге асыру барысында ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданып, түбіртек беруге міндеттелген. Қызмет түрлерінің тізімі толықтырылып, 323-ке жеткен.
Осы тізімге такси жүргізушілерімен қатар, ломбардтар мен қонақүйлер, шаштараз және сұлулық салонының қызметкерлері, жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалға беретін тұлғалар, құлыптар, ілгектер және топса жасаушылар, химиялық тазалау және бояу қызметтері, сондай-ақ сылақ жұмыстарын орындаушылар, аудио және бейнетехникалардың, тұрмыстық электр аспаптарының бөлшек саудасымен айналысушылар міндеттелген.
Түбіртек беруге міндеттеліп отырған қызмет түрлерінің толық тізімін сілтеме берілген порталдан көруге болады.
https://baq.kz/news/othernews/taksi-zhurgizushileri-1-sauirden-bastap/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу