8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2019 2819 0
Қоғам

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ»

Орал қаласындағы Круглоозерный орта мектебінде  ұлыстың ұлы күніне орай «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара оздырылды. Шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Төлегенқызы ашып, ата-аналарды, оқушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Мектептің акт залы мерекеге сай безендіріліп, «Өлкеме Наурыз келді» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.

Оқушылардың ата-бабамыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабатты, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Гүлназ Асқарқызының ұйымдастыруымен қазақ халықының салт-дәстүріне  байланысты барлық  жөн-жоралғы рет-ретімен жүзеге асырылды. Бесікке салу, қыз қуу, беташар, тұсау кесу, арқан тарту, ат қою рәсімдері оқушылардың орындауында әдемі көрініс тапты. Сонымен қатар оқушылар ата-бабамыздан қалған шешендік, ырым-тыйым  сөздер айтып жарысқа түсті.

Өркениетті өмірге талпынған, ата-баба дәстүрін жалғастыратын, туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін жас жеткіншектердің өнеріне ата-аналар тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.

А.Әбілхайырова, Круглоозерный ЖОББМ кітапхана меңгерушісі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»