20 Наурыз 2019 1601 0
Қалалықтар қаперінеТЕҢГЕ БАҒАМЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІНЕ ЕШ НЕГІЗ ЖОҚ

Қазақстан Ұлттық банкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақты екенін және теңге бағамын негізсіз төмендетуге себеп жоқ екенін жария етті.
Версия для печати«Қазақстан Ұлттық банкі нарыққа тұрақты түрде мониторинг жүргізеді және қажет болған жағдайда ұлттық валюта бағамының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шара қабылдайды. Қазақстан Ұлттық банкі және екінші деңгейдегі банктер халық және бизнес тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қолма-қол, сол сияқты қолма-қол емес шетел валютасының жеткілікті қорына ие. Қазақстан Ұлттық банкі банк жүйесін шетел және ұлттық валютасының қажетті санымен уақтылы толықтырып отыруға дайын», – деп мәлімдеді еліміздің бас қаржы реттеушісі. Ұлттық банк мәліметінше, теңгенің бағамын қалыптастыру іргелі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен жалғасады. Олар қазіргі уақытта қолайлы қалыптасып отыр. Мұнай бағасы баррелі үшін 65-70 АҚШ доллары ауқымында тұр. Ресей рублі нығаю үрдісін көрсетіп, экономикалық өсу қарқыны орнықты болып қалуда, төлем балансының жай-күйі тұрақты. Теңгенің ағымдағы бағамы тұрақты және «KASE» Қазақстан қор биржасында Қазақстан Ұлттық банкінің қатысуынсыз қалыптасады. Валюта нарығындағы ықтимал құбылмалылық іргелі факторлардың әрекетіне негізделмеген және қысқа мерзімді сипатта ғана болуы мүмкін. «Осы жағдайларда Ұлттық банк ықтимал шығындарды болдырмау үшін валютаны сатып алу мен сату бойынша баға белгілеудің айырмасында, сол сияқты теңгенің валюталық бағамын түзету нәтижесінде де алыпсатарлық валюталық операцияларды жүзеге асырмауды ұсынады. Қазақстан Ұлттық банкі қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуалды бақылап отыр. Айырбастау пункттерінде валюталарды айырбастау бағамын көтеру жағдайлары туындаған кезде Қазақстан Ұлттық банкінің филиалдары оларды қарауға және нарықты тұрақтандыру бойынша қажетті жедел әрекет қабылдауға дайын», – делінген таратылған ақпаратта.
https://www.inform.kz/kz/tenge-bagamynyn-tomendeuine-esh-negiz-zhok-ulttyk-bank_a3509230
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
01 Тамыз 2026
15 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
01 Тамыз 2026
34 0
Құрылтай-2026
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
01 Тамыз 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
31 Шілде 2026
106 0
Құрылтай-2026
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
31 Шілде 2026
95 0
Жаңалықтар
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
31 Шілде 2026
82 0
Без рубрики
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
30 Шілде 2026
111 0
Без рубрики
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
30 Шілде 2026
115 0
Құрылтай-2026
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
30 Шілде 2026
140 0
Құрылтай-2026
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
30 Шілде 2026
144 0
Құрылтай-2026
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
30 Шілде 2026
138 0
Құрылтай-2026
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
29 Шілде 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
29 Шілде 2026
143 0
Заң және тәртіп
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
29 Шілде 2026
153 0
Құрылтай-2026
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
28 Шілде 2026
187 0
Экономика
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
28 Шілде 2026
177 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді
28 Шілде 2026
266 0

Кіру
Пікір үстеу