ОРАЛДЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ЖАРЫСТЫ
«Көрісу айт» күніне орай бүгін Орал қаласындағы Абай алаңында Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Мерекелік сахна төрінде ән мен күй шырқалып жатса, алаңда қазақтың ұлттық нақыштары мен салтын насихаттайтын ұлттық спорт түрлері – қол күресінен, асық атудан және ләңгі тебуден жарыс оздырылды. Аталған мерекелік шараға 100-ге жуық қала тұрғындары мен жастары қатысты.
Қол күресінде жақсы нәтижеге жету үшін жылдамдық, шеберлік, шыдамдылық маңызды. Барлығын ұштастыра білген қала тұрғыны Аян Сағындықов жеңіп, бірінші орын алды. Ал екінші орын Әли Алпысбаевқа бұйырды. Үшінші орынды Бекзат Қаниятов иеленді. Қыздар арасында бірінші орынды Арайлым Қанатова, екінші орынды Дана Бекеева және үшінші орынды Анель Алшынова иеленді. Жастар арасында Нұрберген Гусманов жеңімпаз атанып, Әліби Төлегенов мен Асхат Тұраров екінші және үшінші орынды бөлісті.
Екінші алаңда ләңгі тебуден жекелей жарыс өтті. Қала тұрғындары арасында бірінші орын 115 ұпай жинаған Медет Кұспанов, екінші орын 47 ұпаймен Асылхан Казмулинға бұйырды, ал үшінші орынға 15 ұпай жинаған Бекбол Жанғалиев иеленді. Жастар арасында 78 ұпаймен Рамазан Қонысов үздік атанса, 57 ұпаймен Дастан Есқайыр екінші орында, ал үшінші орынды Дәуренбек Өтеуов иеленді.
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының ең қызықты әрі өте кең тараған түрі, тез қимылдауды қалайтын, дәлдікке, есепке үйрететін асық атудан қатысушылар арасынан мергендері анықталды. Балалар арасында бірінші орында Дарын Кадимов, екінші орынды Жоламан Лукпанов иеленсе, үшінші орын Санжар Искаковқа бұйырды. Ал ересектер арасында бірінші орында Медет Құспанов, екінші орын Ермахан Төлегенде болса, үшінші орыннан Нұрсұлтан Көшербай көрінді. Дәлдік пен қырағылықты талап ететін ойын тартысты өтті.

Жеңімпаздар арнайы медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу