КӨРІСУ КҮНІН РЕСМИ ТҮРДЕ МЕРЕКЕ ДЕП БЕЛГІЛЕУ ҰСЫНЫЛДЫ

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов 14 наурызды «Көрісу күні» мерекесі деп белгілеуді ұсынды.
«Қазақ елінің батыс өңірінде сан ғасырлардан санамызға сіңісті болып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінде кеңінен аталып, болашақта да үзілмейтін атаулы күннің бірі – әр жылдың 14-ші наурыз күні тойланатын Көрісу мерекесі. Көктемнің алғашқы жылулығымен қатар келетін осы күн халықтың ақ тілегін айтып, жасы кішілер жасы үлкендерге арнайы барып, құшақтасып, көрісіп, әрбір отбасының амандығын, елдің тыныштығын, істерінің берекелі болуын тілейді. Әрбір шаңырақ таңнын атуымен дастарханын жайып, қонақ күтеді, қариялар мен әжелер батасын береді. Қытымыр қыстан аман-есен шыққан халық жердің бусанып, малдың төлдеп, жеміс-теректердің бүршік жарғанын көріп, алдағы күндерін жақсылыққа жорып, болашақтың қамын бірлесе ақылға салады. Көнекөз қариялар осы күні көтерем болып жатқан малдың бауырын жерден көтеретінін айтады. Заманында Көрісу еліміздің барлық аймағында болған, халқымызға кеңінен таралған. Бірақ, әртүрлі себептермен бұл дәстүр ұмытыла басталады», – деді Еңсегенов Сенат отырысында премьер-министрге жолдаған сауалында.
Сенатордың айтуынша, қазіргі мезгілде мереке Қазақстанның басқа да облыстарына таралып, арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып жүр. Бұған әсіресе батыс өңірлеріндегі ірі шетелдік бірлескен кәсіпорындар, шетел азаматтарымен бірге елдегі барлық этнос өкілдері белсене қатысуда.
«Бүгін Көрісу жекелеген аймақтың немесе тек қазақ халқының мейрамы емес. Оның аумағы мен ауқымы өсіп, елдің қоғамдық өміріндегі рөлі артып келеді. Шын мәнінде ол азаматтарымыздың дәстүрлі түрде аталып өтетін мерекесіне айналды. Алыс, жақын шет мемлекеттерде жүрген қандастарымыз да осы атаулы күнді мерекелеп, шетелдіктерге таныстыруда. Адамды бауырмалдыққа, кісілікке, кішілікке, жасампаздыққа, жақсылыққа тәрбиелейтін, тамыры тереңге кеткен, халқымызға берері мол, рухани қуаты ерекше, дәстүрлі түрде аталып жүрген Көрісу күнін ресми түрде айналымға енгізу жөнінде пікірілер айтылуда. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңға сәйкес, елімізде ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелер аталып өтеді. Осы заңның 4-ші бабына сәйкес, кәсіби және өзге де мерекелік күндер тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді. Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, халқымыздың салт-дәстүрін қолдау және оны дәріптеу мақсатында 14 наурызды Көрісу күні мерекесі деп белгілеу жөнінде ұсыныс енгіземін және тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беруіңізді өтінемін», – деді Еңсегенов.
https://baq.kz/news/othernews/senator-k-risu-k-nin-resmi-t-rde-mereke-dep-belgileudi-syndy/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу