8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2019 1906 0
Қалалықтар қаперіне

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ. АЛТЫН ТАҚ» тарихи картинасы прокатқа шығады

2019 жылғы 21 наурыз күні  жалпыұлттық прокатқа «Қазақ хандығы» сериалының кинонұсқасы – «Қазақ хандығы. Алтын тақ» шығады, – деп хабарлайды «Қазақфильм».

Фильмнің режиссері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашов. Ол «Құрақ көрпе», «Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық», Елбасы жолы киноэпопеясының: «Балалық шағымның аспаны», «От-өзен»,  «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» және «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» атты кинотуындыларының авторы.

Аталған ауқымды жобаның екінші маусымын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Centaurus Rustem Abdrashev production»  ЖШС-нің қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Фильмнің аннотациясы: XV ғасырдың орта шені. Шыңғыс хан мен Әмір Темір  империяларының қирандысының орнына бірнеше ұлыстар бой көтерген. Орыс хан тағын күшпен иеленіп, 40 жыл бойы жеке дара билік құрған Әбілқайыр ханның ауыр езгісі – Дешті қыпшақ жұртының  жаппай  наразылығын тудырды. 1465 жылы, – Керей мен Жәнібек сұлтандар Көк Орда билеушісі Әбілқайыр Шайбаниге наразы көшпелі тайпаларды бір тудың астына жиып, Жетісу өлкесінде – «Қазақ Хандығын» құрды. Алайда, Жас ұлысты жөргегінде тұншықтырғысы келген Әбілқайыр хан, ата жауы Керей мен Жәнібекке қарсы жойқын жорыққа аттанды.Алда ұлы майдан күтіп тұрған еді. Ал Керей хан мен Жәнібек сұлтанның басты мақсаты –Сығанақтағы алтын тақты қайтарып алу болатын….

Тарихи кинодилогия Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші романы бойынша түсірілген.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
101 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»