АНАЛАРДЫҢ УӘЖІН ТЫҢДАДЫ
Бүгін Оралда «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында жергілікті атқарушы орган басшылары көпбалалы аналарды қабылдады.
Қабылдауға 200-ден аса әйел-ана келді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Есқалиев, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, қала әкімі М.Мұқаев және басқарма, бөлім басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері мен коммуналдық мекеме басшылары аналардың уәждерін тыңдады.
– Қабылдауға келгендердің көпшілігі көпбалалы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналар және аз қамтылған отбасылар. Олар бірінші кезекте баспананың қажеттілігін айтуда. Тұрғын үйге байланысты қабылданған бағдарламаларға кейбірінің санаты сәйкес келмейді, ал бірқатарының кезегі әлі жетпеген. Осы шара барысында көтерілген сұрақтарды өңірде құрылған жұмыс тобымен жинақтап, сараптайтын боламыз. Одан кейін республикалық комиссияға жолданады. Сәйкесінше, заңнамаға немесе қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер енгізу жөнінде шешім шығарылады. Соның ішінде әлеуметтік жәрдемақының көлемін көбейту де қаралмақ, – деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу