8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Ақпан 2019 2607 0
Өзек

ӘРЕКЕТСІЗДІК ТАНЫТҚАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

БҚО полиция департаменті жаяу жүргіншілер жолағында қыз баланы қағып кеткен жүргізушіні жіберіп қойған полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Оқиға 6 ақпан күні болған. Орал қаласы Әйтиев көшесімен қозғалып келе жатқан көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтпесінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде БҚО полиция департаменті ЖПҚ басқармасының полиция қызметкерлері оның 1992 жылғы жүргізуші екенін анықтап, ұстады. Көлігі айып тұрағына қойылды. Зардап шегушіге сот-медициналық талдаудан өту  тағайындалған. Сәйкесінше, жүргізуші жауапкершілікке тартылатын болады.

Сондай-ақ БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция қызметкерінің әрекет жасамағаны үшін қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Нәтижесі бойынша ол қатаң тәртіптік жауапқа тартылады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
145 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
356 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»