8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Тамыз 2026 33 0
Өңір жаңалықтары

Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды

Теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Орал қаласында күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Заманауи талаптарға сай жаңғыртылған нысан енді жолаушыларға жайлы әрі қолайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Есқалиев, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері, сондай-ақ өңір тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға бағытталған тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асқанын атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары облыста теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.

– Өңірдегі төрт теміржол вокзалы толық жаңартылды. Шыңғырлау мен Тасқаладағы вокзалдар жаңадан бой көтерсе, Ақсай қаласы мен Оралдағы ғимараттарға ауқымды реконструкция жүргізілді. Бұл жұмыстарға республикалық және жергілікті бюджеттен 7,6 миллиард теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаған мердігер ұйымдарға алғысымды білдіремін. Жаңарған нысандар халыққа ұзақ жылдар бойы қызмет етеді деп сенемін, – деді облыс басшысы.

Мерекелік шара барысында теміржол саласының мамандары мен құрылысшыларға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің және облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Жаңғырту барысында вокзал толықтай заманауи талаптарға сәйкестендірілді. Ғимаратқа төрт эскалатор мен үш жеделсаты орнатылып, жолаушылар қозғалысын жеңілдететін жаңа конкорстық өткел салынды. Сонымен қатар ана мен балаға арналған бөлмелер, қонақүй үлгісіндегі демалыс орындары және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған қолжетімді орта қарастырылған. Инженерлік-коммуникациялық жүйелер толық жаңартылып, вокзал маңындағы аумақ жергілікті бюджет есебінен абаттандырылды.

Бүгінде Орал теміржол вокзалы өңірдегі маңызды көлік тораптарының бірі саналады. Мұнда бір халықаралық, үш облысаралық және екі облысішілік жолаушылар бағыты қызмет көрсетеді. Жаңартылған вокзал тәулігіне шамамен 1800 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. Сонымен қатар мұнда күн сайын жеті жұп пойыздың қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Жаңарған вокзалдың пайдалануға берілуі өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға тың серпін беріп, тұрғындар мен қала қонақтарына сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсету деңгейін арттыра түспек.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
135 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
124 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
349 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»