8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қаңтар 2026 256 0
Өзек

«Цифрлық ҚҚС» және ҚҚС бойынша декларацияны автоматты түрде алдын ала толтыру: Олжас Бектенов салықтық әкімшілендіру бойынша кеңес өткізді

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігінің фискалдық саясатын дамыту және ақпараттық жүйелерді цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға құзырлы ведомстволар мен өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты.

🔹 2025 жылға арналған мемлекеттік бюджет кірісінің орындалу қорытындылары қаралды. Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, кірістер жоспары 100,1%-ға орындалып, өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 24,6 трлн теңге түсті.

📊 2026 жылғы 1 қаңтардан бері жаңа Салық кодексінің күшіне енуімен 454 мың салық төлеуші оңайлатылған салық декларациясы бойынша өз қызметін растады; өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде 138 мың жеке тұлға тіркелген (оның 122 мыңы бұрын тіркелмеген). 7 мыңнан астам бизнес субъектісі жаңа ҚҚС төлеушілер ретінде есепке алынды.

✔️ Премьер-министр мемлекеттік органдардың басым міндеті қызмет көрсету ісін дамыту, салық төлеушілерге ашықтық пен әділ көзқарас қалыптастыру екенін баса айтты. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларына негізгі жұмыс қағидаттары белгіленді.

💬Әділ, ыңғайлы әрі түсінікті. Салық төлеу үдерісі дәл осылай болуы керек. Ішкі кірістер қызметінің қызметкерлері бизнестің серіктестері әрі кеңесшілері болуы керек. Жауапқа тарту шаралары тек кірісін қасақана жасырғандар үшін қарастырылған. Сондықтан 2026 жыл бүкіл ШОБ үшін өтпелі жыл болады; төлеудегі қателіктер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдардың өндірілмейді. Сонда кәсіпкерлер бұл жылды өзгерістерге байсалды түрде бейімделу үшін пайдалана алады💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

💬 Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) жаңа цифрлық архитектурасын енгізу, салықтық және кедендік әкімшілендіруді микросервистік модельге көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

🔹 МКК-нің фискалдық процестерін оңтайландыру мақсатында бұған дейінгі 12 ескірген ақпараттық жүйенің орнына 5 заманауи цифрлық платформа қолданысқа енгізілді. Бұл салық салу рәсімдерін жеңілдетуге, адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға және заң бұзушылықтарды бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.

📊 Осы жылдың басынан бері салық салудың оңайлатылған режиміне көшу бойынша 500 мыңға жуық өтініш өңделді. Қазірдің өзінде мемлекеттік кірістер органдарының жаңа ақпараттық жүйелерінде салық есептілігінің 800 мың нысаны бар. Цифрлық сервистер шамамен 1,7 млн бизнес субъектісі қызмет көрсетеді. Күніне жүйеге орта есеппен 87 мыңнан астам салық төлеуші кіреді.

📌 Оңтайландырудың басты артықшылығы – салық құжаттарын жылдам өңдеу, яғни 1 сағаттан 1 минутқа дейін қысқарту, онлайн төлемдер жүргізу, жүйенің қол жетімділігін арттыру және бір мезгілде кірген пайдаланушылар санын (100 мыңнан 250 мыңға дейін) көбейту. Кәсіпкерлерді қолдау және олардың тарапынан қателерді болдырмау үшін форматты-логикалық бақылау енгізілді.

🔹 Биылдан бастап ҚҚС бойынша декларацияларды автоматты түрде толтыру жүзеге асырылды, бұл бизнес үшін міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін мәртебе автоматты түрде e-Saluq Business мобильді қосымшасы арқылы беріледі.

🔹 Бұл ретте жаңа цифрлық құралдар тек салықтық және кедендік әкімшілендіру үшін ғана емес, сонымен қатар статистиканы қалыптастыру, өңірлер бойынша азық-түлік және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының, ЖЖМ қажеттіліктерінің мониторингі, жәрдемақыларды есептеу, субсидиялар беру, квазимемлекеттік сектордың заңсыз сатып алуларын болдырмау, құқық қорғау органдарының қызметі және тағы да басқалар үшін пайдаланылады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
108 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
364 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»