Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Ұлттық контингенттің инженерлік-саперлік тобы БҰҰ мандатына сәйкес Голан биіктіктерінде жүктелген міндеттерді сәтті орындап келеді.
2025 жылғы 11 сәуірден бастап әскери қызметшілер 44 операция жүргізіп, 1200-ден астам жарылғыш зат пен 43 қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жойды. Сонымен қатар, қазақстандық саперлар жергілікті аумақта, БҰҰ базалары мен бақылау бекеттерінде бес іздестіру іс-шарасын өткізіп, миналы алқаптарға үш барлау шығуын жүзеге асырды.
Сондай-ақ, анықталған оқ-дәрілерге 11 мәрте алдын ала зерделеу жұмысы жасалды. Жауапкершілік аймағында инженерлік-саперлік топ әскери персоналдың, БҰҰ нысандарының және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
– Біз миналы алқаптарға барлау жүргіземіз, БҰҰ базалары мен бақылау бекеттерін тексереміз, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жоямыз. Табылған барлық оқ-дәрілер – Сирия аумағындағы қарулы қақтығыстардың қауіпті мұрасы, – деді Бітімгерлік операциялары орталығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының офицері майор Ернар Амантайұлы.
Голан биіктіктеріне жіберілер алдында әскери қызметшілер Алматы гарнизонындағы Бітімгерлік операциялары орталығында және Қонаев гарнизонының минасыздандыру орталығында кешенді арнайы дайындықтан өтті. Онда олар гуманитарлық минасыздандырудың үш деңгейлі курсын меңгерді.
Осылайша, Қазақстанның инженерлік әскерлерінің әскери қызметшілері ел ішінде әскер мен азаматтық халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, БҰҰ миссиялары аясында бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға да елеулі үлес қосуда.
www.gov.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру