8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қыркүйек 2025 1306 0
Білім

Махамбет университеті жаңа оқу жылына дайын

Бүгін, 2-қыркүйек күні Орал қаласының бас даңғылында орналасқан республикаға және шет мемлекеттік оқу ордаларына кеңінен танымал Махамбет Өтемісов атындағы 100 жылға жуық тарихы бар Батыс Қазақстан университетінде де алғашқы қоңырау үні сыңғырлап соғылды.
Таңсәріден университеттің ғимарат алдына жиналған ардагерлер, экс-ректорлар, профессорлық- оқытушылар құрамы, БҚУ-дың ректорат әкімшілігі, әрбір кафедраның меңгерушілері мен декандар, барша ұстаздар мен еліміздің әр өңірінен оқуға қабылданған 1-курс студенттері бас қосты. Бір-бірімен сағына көріскен Махамбет университетінің ұжымы білім шаңырағына аса сағынышпен келгені жүздерінен байқалды.
Салтанатты жиынды ашқан БҚУ ректоры, профессор, ел азаматы Нұрлан Серғалиев барша оқытушы-ғалымдар мен студент-жастарға жылы тілегін арнады.
Сонымен, Махамбет университеті биылғы жаңа оқу жылын зор жауапкершілікпен, үлкен үмітпен, тың жетістікпен бастады.
Біз, батыр баба атындағы білім ордасына сәт-сапар тілейміз!
«Жайық Үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
119 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
70 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
100 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
130 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
123 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
124 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
121 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»