8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қыркүйек 2025 1165 0
Білім

Оралда 6142 бүлдіршін алғаш рет мектепке барды

193e9959-171c-41d1-b2b1-bb6ed9c8d748

Бұл туралы бүгіін А.Тайманов атындағы ✓34 ЖОББМ – де Білім күніне орай салтанатты жиынға қатысқан шаhар басшысы Мұрат Бәйменов айтты.
Сондай-ақ, Орал қалалық мәслихат хатшысы Е.Қалиев ,ардагер ұстаздар, мұғалімдер, оқушылар қатысқан аталмыш жиында ҚР – ның мемлекеттік Әнұраны шырқалып, мектеп директоры Е.Қадыров сөз сөйледі.
– Құрметті жиынға қатысушылар, Білім күні құтты болсын! Биыл мектепке. бөлінген 10 млн.қаражатқа кітапхана жаңаша жасақталып, 20*40 шаршы метр жерге футбол алаңы салынып, 18 кабинеттің ленолиумы жаңадан төселіп, басқа да құрал- жабдықтар алынды. Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 156 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады,- деді Е.Қадыров.
Бұдан соң Орал қаласының әкімі М.Байменов құттықтау сөз сөйлеп, қалада 53 мектеп жаңа оқу жылын бастаса, барлығы 6142 оқушы 1 сыныпқа қабылданды. Бұл барлығымыз үшін зор қуанышқа толы жаңалық. Олардың ел болашағына үмітпен қарайтынына сенім артамыз,- деді. Сондай- ақ ардагер ұстаздар да жылы лебіздерін білдірді. Ортаға алғаш рет мектепке келген 1 сынып бүлдіршіндері шақырылды. Шарада «Шұғыла» би ансамблінің бишілері жиналғандардың көңілдерін серпілтті. Алғашқы қоңырау үнін 11 сынып оқушылары сыңғырлатты.
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
135 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
379 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»