Мұхтар Әжіғұловқа көше атауы беріледі
Бүгін, 28 – мамыр күні 8 – шақырылым бойынша өткен Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 20 – сессиясында Ұлы Отан соғысының ардагері, запастағы подполковник, Бөкейорда ауданының тумасы, «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» және «Орал қаласы әкімінің құрметті азаматы», өмірден өтсе де есімі ел жадында жаңғырған ардақты ағамыз Мұхтар Әжігұловқа көше атын беру туралы ұсыныс ортаға салынды. Бұл ұсынысты Орал қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.
Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысып, мәслихат төрағасы Есентай Қалиев жүргізген сессияда бірнеше мәселе қаралды. Алдымен қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ербол Шүкірғалиев 2024 жылғы бюджеттің орындалуы мен 2025 жылғы бюджетті нақтылау туралы шешім қабылдауды ұсынды. Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерболат Каримов бюджетке жұмсалған қаражаттың қаншалықты деңгейде орындалғанын баяндады. Жер қатынастары бөлімінің басшысы Мирас Мұхитов қала бойынша 2025 – 2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекітуді сұрады. ТҮКШ басшысы Абылай Нұрмақов шаһарда өткен сенбілікке барлығы 49200 адам қатысып, абаттандыру бойынша нақты мониторинг жүргізілгенін айтты. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы Алтай Құлхаев қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 18 қарашадағы №21-7 «Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсынысын жеткізді.
Сессияда қалалық мәденит және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Медет Мерғалиев осы уақытқа дейінгі жиындарда зиялы қауым өкілдерінің жасаған өтініштері бойынша «Жұлдыз» шағын ауданындағы №11 көшеге «Мұхтар Әжігұлов» атауын беру жөнінде ұсынысын жеткізді. Бұл ұсынысты депутаттар және сессияға қатысушылар бірауыздан қолдап, шешім қабылдады. Демек, Мұхтар Әжіғұловтың есімін аға-ұрпақ ұмытпай, ұлықтайды. Күні кешеге дейін өзі жүріп өткен Орал қаласының бір көшесіне атамыздың есімі беріледі деген сенімдеміз. «Ер есімі – ел есінде».
«Жайық Үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру