8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қазан 2024 3444 0
Құттықтаймыз!

АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК

Теректі ауданында ақын, Ақжайықтың ақ шағаласы, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай әдеби-сазды кеш өтті.

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, ақжаулықты әжелер мен қазақтың қара домбырасын күмбірлеткен өнерпаздар ақынды құрметпен қарсы алды. Аудандық кітапхана дайындаған көрмемен танысып, «Менің Фаризам» кітабын қолтаңбасымен табыстады.

Сахна шымылдығы ақынның сөзіне жазылған әндермен ашылды. Аудан өнерпаздарын сүйемелдеген Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестріне, дирижері Еркін Нұрымбетовке көрермендердің ықыласы ерекше болды.

Жанды дауыста жан жылытқан әндерден соң жас ақындар ақынға арнау өлеңдерін оқыды. Нақтырақ айтсақ, аудандық «Ғазал» жас ақындар клубының мүшелері Дәурен Шамұратов, Нұрым Ғұмар, Нұрдана Темір, Альфия Бимұхан, Әділ Ахметов пен Ақтілек Әлібекұлы мұң мен сырын өлең арқылы жеткізді.


Жас ақындарға соғылған қошеметтен кейін «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі биден шашу шашты. Бишілер «Шаттық» биін билеп, Ақұштап Бақтыгерейқызын сахна төріне шығарды. Елге алып-ұшып жеткен алаштың ақын қызы жерлестерімен сәлемдесті. Кеш жүргізушісі Әділет Орынбасаровтың сұрағына тік тұрып жауап берген ол ана, қыз тәрбиесіне кеңірек тоқталды.

–Барлық іс-шараны тоқтата тұрып, туған жеріме келгім келді. Сіздерді сағындым. Бірнәрсе дәметіп, өзімді көрсеткелі келмедім. Осы кеште жұртшылықпен сырласып, еш боямасыз мұң шаққым келді. Расы керек, соңғы уақытта мені ұлт тәрбиесі қатты толғандырып жүр. Қазақтың жерінде осы тәрбиеге қатысты қанша сұмдық болып жатыр. Мұның бәрі тамырдан ажырап, тағылымнан қол үзгеніміздің кесірі ғой. Қазақ қыздарының үлгісі жаңа ғана ұлттық құндылықтарды алға оздыра билеген арулар. Қазақ жігіттерінің үлгісі қызды сыйлап, ананы қадірлейтін балалар болуы тиіс еді. Өкінішке қарай, барлығы керісінше болып тұр ғой. Соған менің жүрегім қан жылайды. Ойлаймын. Айтамын. Айналайындар-ай, кітап оқиықшы. Кітапханаға жиі барайықшы. Біздің іздегенміздің бәрі әдебиетте, тарихта ғой,- деп, ұлт болашағына, қыздар тәрбиесіне алаңдап, көңілі босады.

Еркін бағыттағы сұқбат барысында мерейтой иесі өзінің 80 жасы қарсаңында Ақжайық ауылында ашылған Әдебиетшілер үйі хақында ой бөлісіп, жас ақындарға кеңес берді. Өңіріміздің руханияты тұралап қалмай, қарыштап дамуы үшін жүзеге асатын жұмыстарды тізбеледі.

Киелі сахнаға енді ғана қадам басқан кезде ақын теректілік жас әнші Айсезім Тілекқабылға ақ батасын беріп, «Бибігүл-бұлбұл шықты Ақжайықтан» деп, дүйім елден сүйінші сұраған еді. Кеште ақ батаны арқалап, өнерін одан сайын дамыта түскен бірнеше байқаудың жүлдегері Айсезім Айбекқызы да төбе көрсетті. Ақын анамыз бұл жолы да Айсезімнің маңдайынан сүйіп, өзіне берілген гүлшоқтарын тарту етті. Ақынның жары Ғабдрахим Жаңбыраев та риза болып, қолдау мақсатында ақшалай сыйлық берді.


Әрмен қарай Ақұштап Бақтыгерейқызы өзінің өлеңдерін оқыды. Оның ішінде теректілік өлеңсүйер қауымға «Әділет» өлеңі ерекше әсер етті.

–Ішінде ең күрестің де, жеңістің де,

Сұмдықпен шаршап кейде келістің бе?

Сен маған жолығарсың, жолықпассың,

Әйтеуір, болсаң екен жер үстінде,- дейді ауыр күрсініспен…

Ақынның мерейлі жасына байланысты облыс көлемінде түрлі байқаулар мен мүшәйралардың өтіп жатқаны мәлім. Туған топырағы да қарап қалмағаны рас. Теректі ауданының кітапханасы ақынның өлеңдерін оқудан, ақынға өлеңдерін арнаудан облыстық байқау жариялап, жүлдегерлер анықталған еді. Кеште жүлдегерлер де өнерлерін паш етіп, жарыса жыр оқыды. Ақұштап Бақтыгерейқызы оларды өзу марапаттады. Сонымен, байқаудың «Жырымды сізге арнадым» 1-бағыты бойынша 3-орынды Шыңғырлау ауданының ақыны Самат Байболатов місе тұтса, 2-орынды казталовтық Ернәсіл Рысқалиев еншіледі. Ақжайық ауданының қос ақыны Мейірман Шакенов 1-орынды, Бекболат Қаленов бас жүлдені иеленді. Ал 2-бағыт бойынша 3,2,1-орындарға ақжайықтық Мансұр Борис, тасқалалық Махамбет Мұханбетов, теректілік Айым Бекболатов лайық болса, бас жүлдені оралдық Нұрзия Оразәлиева қанжығасына байлады.


Марапаттаудан кейін өңіріміздің мақтанышы, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филормония әншісі Жанылсын Хасанова «Ақжайыққа жыр арнағым келеді» әнін шырқады. Ақынның әр сөзі Оралға, туған жерге арналды. Алматының асқар таулары ұйқысынан оянғанда менмұндалайды-ау… Бірақ Оралдың ерке самалы аңсатпай қоймайды.

Ақұштап Бақтыгерейқызының жүрекжарды сөзінен осыны аңғардық. Кеш соңында Гүлназ Құсайынова мен шәкірті Зейнеп Есболат «Оралдың ерке самалы» әнін орындады. Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова ақынға алғыс айтып, аудан жұрты атынан иығына камзол мен ақ орамал жапты.

Ақтілек Әлібекұлы,

БҚО, Теректі ауданы

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
229 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
723 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1100 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1043 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1461 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2078 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2245 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2250 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2300 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2306 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1957 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2784 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2838 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2834 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3444 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3415 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3402 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3380 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3544 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3590 0
Қалалықтар қаперіне
Екі миллион ақша ұрлаған ұрыны ұстады
04 Қазан 2024
4017 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»