103 отбасыға жаңа үйдің кілті берілді
Бүгін, тамыздың 30-ы күні Деркөл кентінде су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасынан айрылған саяжай тұрғындарына 103 пәтердің кілті салтанатты түрде табысталды.
Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нариман Төреғалиев: – Құрметті жерлестер, қала тұрғындары! Барлығыңызға белгілі Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек берілетіні туралы айтқан болатын. Міне, бүгін қиын жағдайға тап болғандардың қуанышын бөліскелі келдік. Деркөл кентінен 103 үйдің кілтін табыстаймыз. Отбастарыңыздағы балаларыңыз жаңа оқу жылында мектепке көңіл-күймен барады деген сенімдеміз. Баспаналарыңыз берекелі, құтты болғай!-деді.
Одан әрі облыс басшысы Нариман Төреғалиев пен «ERG Қазақстан» компаниясы директорының қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматоллаев жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
ГҮЛЖАН АЯЗБАЕВА
Бұл мақала туралы «Жайық үні» газетінің келесі санынан толықтай оқи аласыздар.
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру