Оралда полиция тұрғындардың мүлкін ұрлаумен айналысқан күдіктіні құрықтады
Оралда полиция тұрғындардың мүлкі мен велосипедтерін ұрлаумен айналысқан күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкі мен велосипедтерін ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған Орал қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті шілде айының соңында өзімен көршілес тұратын әйелге тиесілі Stells велосипедін ұрлаған. Шығын сомасы 140 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ 6 тамызда күдікті саяжай қоғамдарының бірінің гаражына кіріп, сол жерден 40 жастағы Орал қаласының тұрғынына тиесілі Richman велосипедін және құрал-саймандарды ұрлап кеткен. Шығын 200 мың теңгені құрады. Сонымен қатар ол саяжай қоғамдарының аумағында ұрлықпен айналысты деп айыпталуда. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 4 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның басқада осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/oralda-politsiya-turghyndardyng-mulkin-urlaumen-ajnalysqan-kudiktini-quryqtady/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру