8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2024 2557 0
Оқиға

Көлік ұрлаған жүргізуші ұсталды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері көлік ұрлаған адамды бейнебақылау камерасы арқылы ұстады.

Мамыр айының 10-ы күні сағат 15:54 кезінде «102» операторына белгісіз біреу авотұрақтан қоңыр түсті «Калина» маркалы автокөлігін айдап кеткені туралы хабарлама түсіреді. Аталған факті бойынша барлық жеке құрамға бағыт-бағдар беріледі.

Белгілі болғандай, күдікті алысқа кетіп үлгермеген, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған, соның арқасында Орал қ. ПБ патрульдік полиция батальонының взвод командирі полиция аға лейтенанты Кажгалиев Руслан ақпарат бойынша көлік ұрлаушының ізіне түседі.

Кейін бір сағат ішінде көлікті айдап әкетуші 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды және ол мас күйде болған.

Автокөлікті ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, ал жүргізушіге қатысты көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бейнебақылау камералары қылмыстарды “ізін суытпай” ашуда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда үлкен көмек көрсететінін айта кеткен жөн. 2024 жылы бейнебақылау арқылы 32 қылмыс, оның ішінде 4 тонау, 4 бұзақылық, 2 ұрлық және 4 айдап әкету қылмысы және басқа да қылмыстар бойынша 18 қылмыс ашылды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
75 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
114 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
297 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»