8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Мамыр 2024 2783 0
Еске алу

Батырлар рухына тағзым етті

Қалалық мектептен тыс жұмыс орталығының әскери патриоттық клубы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Жеңіс» күніне арналған патриоттық іс-шара өткізді.

Жоғары сынып оқушылары соғыста бақилық болған бабалар рухына тағызым етіп, оларды еске алды. Шаған жағалауы бойындағы қос жауынгердің ескерткішіне жиналған әскери патриоттық клуб мүшелері мен әскери мамандар және педагогтер соғыс даласында бақилық болған бабалар рухына тағызым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бұдан соң ұстаздар мен әскери мамандар «Жеңіс» күні мерекесінің мән-маңызы туралы оқушыларға баяндап, патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы насихат жұмысын жандандырды.

Одан әрі жиын барысында патриоттық әндер орындалды. Және батырлар ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жоғары сынып оқушыларына жергілікті әскери клубтар мен оқу орындары туралы мағұламат берілді. Өйткені ел тыныштығы жолында ұлттық мүдде үшін қызмет етер мамандар артық етпейді дейді,- әскерилер.

Айта кеткен жөн, күні бүгінде облыста Отан соғысы ардагерінің 14-нің көзі тірі. Мұндай патриоттық іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады,- дейді ұйымдастырушылар.

Айнара ИСА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
46 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
94 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»