8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Сәуір 2024 3085 0
Білім

Жас түлектерге аттестат тапсыру рәсімі қай күнге белгіленді

Биыл 3,8 млн-нан астам оқушы оқу жылын аяқтайды, оның 186 мыңы – мектеп түлегі. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасына қатысты түсініктеме берді.


«Өңірлердегі су тасқыны жағдайына және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектепте 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды» – деді Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

Хабарламада айтылғандай, биыл оқу жылы 34 апта, оқу 25 мамырда аяқталады. Сондай-ақ, министрліктен 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және «Алтын белгімен» марапаттау рәсімі барлық емтихан аяқталғаннан кейін (12-15 маусым) өтетіні айтылды.

«9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен көше аралауға тыйым салынады», – деді ведомстводан.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»