Авторлық құқықты қорғау керек
Зияткерлік меншіктің басқа салалары сияқты авторлық құқық та адам ақыл-ойының туындыларын қорғауды қамтамасыз етеді.

Авторлық құқықтың қолданылу аясы әдеби және көркем туындыларға қолданылады. Олардың қатарына жазба туындылары, музыка, суреттер мен мүсіндер, бейнелеу өнерінің туындылары, сондай-ақ компьютерлік бағдарламалар жатады.
Бұл сала «Авторлық құқық және сабақтасқұқықтар туралы» ҚР Заңы не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар нормаларына сай реттеліп отырады.
Контрафактілі өнімді тарату проблемасы ел экономикасына теріс әсер етеді: салықтың түспеуі, нарыққа сапасыз өнім жеткізу және тағы басқалар.
Зияткерлік меншік объектілерін жасаудан гөрікөшіру оңайырақ. Яғни туындыны ойлап шығарудан автордың рұқсатынсыз ұрлық түрде көшіріп шығару оңай. Роман, музыкалық шығарма немесе компьютерлік бағдарлама жасау үшін көптеген айлар, тіпті жылдар қажет болуы мүмкін.
Заманауи технологиялар санаулы секунд ішінде зияткерлік меншік болып табылатын өнімдерді көшіруге және бүкіл әлемге таратуға мүмкіндік береді. Авторлық құқық мұндай өнімдерді оларды жасаушылардың рұқсатынсыз көшіруге және таратуға жол бермей қорғауға арналған.
Дамушы елдер үшін авторлық-құқықты қорғаудың артықшылықтары мәдени және экономикалық сипатта болады. Шынымен де, авторлық құқықтың мәдениетке қатысы бар екенін ұмытпауымыз керек. Барлық дамушы елдер өте үлкен көркемдік әлеуетке ие. Әлемде шығармашылықпен айналыспайтын халық жоқ, бірақ авторлық-құқықты қорғамай, шығармашылықтың көмегімен табыс табу мүмкін емес.
Бүгінде авторлық құқық әдеби және көркем шығармаларды ғана емес сонымен қатар ақпараттық-технологиялық саланы, бейнеойындарды, нақтырақ айтқанда компьютерлік бағдарламалауды қамтиды.
Компьютерлік бағдарламаны, фильмді немесе телевизиялық бағдарламаны жасауға көп қаржы салынуы мүмкін. Бірақ нарықта бір дана пайда болған соң оны кез келген адам көшіре алады. Нәтижесінде пайда табу жолы жоғалады. Бұл жағдайда шетелдік және жергілікті туындыларды қорғауды қамтамасыз ету керек, өйткені елге қаржы ағынын әкелуге мүмкіндік береді.
Бағдарламалар электрондық есептеу машинасы заңмен қорғалған, мысалы, әдеби шығармалар сияқты, және әрқайсысының өз авторлары бар, олар ҚР Заңдарына сүйене отырып, өз құқықтарын сенімді қорғайды.
Досхан ИШАНБЕРГЕНОВ, БҚO Әділет департаментінің бөлім басшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру