Астанадан Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберілді
Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді.
«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалынан Батыс Қазақстан облысына 20 тоннадан астам кезекті гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
«Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға «AMANAT» партиясының әр облыстағы филиалы өзінің шама-шарқынша көмектесіп жатыр. Мәжіліс депутаттары, партияның белді азаматтары, «Жастар рухы» жастар қанатының қыз-жігіттері ел арасында жүр. Әрқайсысы өз деңгейінде тиісті шараларды қабылдап, азаматтардың иығына түскен ауырпалықты қатар еңсеріп келеді», – дейді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.
Жүк көлігіне тұрмыстық және гигиеналық заттар, моторлы қайық, қап, күрек, су, етік және тағы басқа қажет заттар тиелді. Гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр. Бұған дейін партияның елордалық филиалы қала әкімдігімен, мәслихат депутаттарымен, Бастауыш партия ұйымдарымен, шағын, орта және ірі кәсіп өкілдерімен бірлесіп Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына гуманитарлық көмек жібергенін естеріңізге сала кетейік.
Сонымен қатар елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды. Көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізілді. Зардап шеккендерге киім, тамақ, гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмектер жиналды.
Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді. Жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады.
Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап жібереді. Жиналған көмектің ішінде киім, азық-түлік, гигиена құралдары мен аяқ киім басты орын алады.
Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер жинау орындарына қажетті заттарды жинап, әкеле алады.
Дереккөз: kazinform.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру