«Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін емес»
Ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

«Кеше болған жер сілкінісі бойынша министрлік бірінші минуттан бастап қажетті шараларды үйлестірді. Азаматтардың арасында үрей болдырмау үшін жер сілкінісі туралы және одан ары халықтың әрекеттері бойынша хабардар етуді бастады. Сөйлеу дабылы, сирена және жергілікті объектілер жүйесі тартылып, телерадио каналдары арқылы жеткіздік. Республикалық және өңірлік жедел штабтар ашылып, 386 азаматтарды қабылдау пункті ұйымдастырылды. Тәулік бойы жедел желі жұмыс істеп тұр. Кеше қабылдау қабылдау пункттерінде үш мыңға жуық адам орналасты. Оның ішінде 906 бала бар. Әкімдіктер қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеруді жалғастырып жатыр», — деді министр.
Оның айтуынша, сонымен қатар министрліктің әуе кемесімен сел қаупі бар аумақтарда аэровизуалды зерттеу жүргізілді.
Алгоритмге сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.
«Жер сілкінісі кез келген төтенше жағдай сияқты алдын ала болжау мүмкін емес. Осыған байланысты министрлік олардың алдын алу және халықты бірінші кезекті әрекеттерге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде. 20 ақпаннан бастап Алматыда азаматтарды төтенше жағдайларға дайындау үшін министрліктің бастықтары қатарынан жедел топ жұмыс істеуде. Осы қысқа мерзім ішінде жер сілкінісі кезінде азаматтардың іс-қимылы туралы ауқымды ақпараттандыру және түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ол өз нәтижесін көрсетті. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге ұшыраған жоқ. Жедел топ 8 мыңға жуық ауланы аралап, білім беру нысандарында 650-ден астам сабақ өткізді және адамдар көп жиналатын орындарда түсіндіру жұмыстары мен ескерпелер таратты. Кеше менің бұйрығыммен халықты оқыту және жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттерді пысықтау үшін қосымша Алматыға Ұзынағаштан әскери қызметшілер жіберілді. Қазіргі уақытта ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты», — деді Шыңғыс Әрінов.
Дереккөз: kazinform.kz
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру